2025 жылдың Наурызнама онкүндігі шеңберіндегі 15 наурыз-Қайырымдылық күніне арнап №2 балалар кітапханасының қызметкерлері Павлодар қаласының Отбасылық үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне «Кітап сыйлау» қайырымдылық акциясын өткізді.
Балаларға қазақ, орыс тілінде жарық көрген ертегілер, әңгімелер, өлеңдер жинақтары, түрлі қызықты да танымды энциклопедиялар сыйға берілді.
Наурыз-береке, қайырымдылық, игі бастамалар мерекесі!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!