«Кітап-сенің досың және көмекшің»

22 желтоқсанда М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында № 1 ЖОББМ-нің  1-сынып оқушыларына «Кітап-сенің досың және көмекшің» атты кітапхана сабағы өткізілді. Кітапханашы көптеген таңғажайып құпиялар мен қызықты оқиғаларды сақтайтын сиқырлы кітапхана үйі туралы айтып, энциклопедиялар, анықтамалар, сөздіктермен таныстырды. Балалар «Кітап туралы мақалдар жина», «Кітап кейіпкерлері» ойындарына белсенді қатысып, «Ертегі викторинасы» сұрақтарына жауап берді. Іс-шараның соңында балалар «Кітап — сенің досың» мультфильмін тамашалады.

Комментарии запрещены.