18.01 № 3 көпшілік кітапханасы № 33 орта мектебінде 7 сынып оқушыларына арналған «Кітап — ақыл ойдың қазынасы» кітапхана сабағын өткізді. Сабақ кітаптың тарихына арналды. Балалар «адам-кітап» туралы аңыз –әңгімелерді айтқандар туралы, хаттардың түрлері туралы, сынамен жазу, иероглифтер, алғашқы кітаптар туралы, алғашқы қазақ кітап жазушылары туралы білді. Содан кейін «Кітап тарихына саяхат» фильмі көрсетілді. Оқырмандар өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап арқылы алған білімдерін бекітті. Іс-шара барысында балалар көркем, ғылыми, оқу және анықтамалық әдебиеттерді ажырата білді. Практикалық бөлімде балалар сөздіктермен және анықтамалықтармен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.