«Кітап әлемі – балалық шақ әлемі»

2023 жылғы 28 наурызда сағат 12.00-де № 3 көпшілік кітапханада «Әдеби өлкетану» бағдарламасы бойынша балалар мен жасөспірімдер кітаптар апталығы аясында қазақстандық балалар ақыны және жазушысы Музафар Әлімбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Кітап әлемі – балалық шақ әлемі» атты оқу сайысы байқауы өтті. Іс-шараға №31,32,33 мектептердің 7-9 сынып оқушылары шақырылды. Іс-шара басталар алдында кітапханашы кіріспе әңгіме өткізіп, жазушының өмірі мен қызметі туралы слайдтар көрсетілді. Музафар Әлімбаев қазақ балалар әдебиетіне елеулі үлес қосты. Сонымен қатар, кітапханашылар жаңылтпаштар байқауын өткізді, жұмбақтар шешіп, өлең оқыды. Іс-шара соңында кітапханашы А. М. Бейсенова Музафар Әлімбаевтың өмірі мен шығармашылығына кітап шолуын өткізді. Барлық қатысушылар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараны 55 адамды қамтыды.

Комментарии запрещены.