«Киноәлемінің майталманы»

26 сәуір күні «Кешкі кітапхана» жобасы аясында театр және кино режиссері, актер, КСРО Халық әртісі Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай  «Киноәлемінің майталманы» атты кеш болып өтті. Шараға Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінің өлке тарихы бөлімінің басшысы Алиева Гүлжайнат Мағазқызы және жоғары медициналық колледждің кешкі тобының студенттері қатысты. Шара барысында қонағымыз театр майталманының өмірі мен шығармашылығына байланысты кеңірек мәлімет берді. Оқырмандар назарына «Шәкен әлемі» кітап көрмесіне шолу ұсынылды.

Комментарии запрещены.