13 ақпанда №3 көпшілік кітапханасының оқу залында «Огородник» клубының кезекті отырысы өтті. Мақсаты: кітапханаға мүддесі ортақ адамдарды тарту, ауыл тұрғындарының
бос уақытын тиімді ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы әдебиеттерін насихаттау.
Кітапхана қонақтарын «Ауладағы бау-бақша» кітап көрмесі қарсы алды. Онда ауыл шаруашылығы жөніндегі журналдар мен тұқымның жаңа сұрыптары қойылды. Шараны жүргізген
кітапханашылар көкөніс өсіру мен оны сақтаудың көптеген құпиясын әңгімеледі.
Клуб мүшелері Сидоренко Т., Сарсембаева С., Медова Л. өнімді сақтаудың сырларымен бөлісті. Мысалы, картопты міндетті түрде қызылшамен бірге, ал сәбізді кәдімгі полиэтилен пакетте сақтау керек. Тағы бір клуб мүшесі Майстренко О. қырыққабатты азық-түлікке арналған пленкада сақтағанда бүлінбейтінін айтты. Шай дастарқаны басында бір-біріне дайындаудың жаңа рецепттерін түсіндірді. 12 адам қатысты.