Экологиялық ойын

19 шілдеде №3 балалар кітапханасында психоневрологиялық орталыққа қарайтын мүгедек балаларға экологиялық ойын өткізілді. Оның мақсаты мүгедек балаларға ойын түрінде көкөніс пен жеміс-жидектің пайдасы, оның емдік қасиеттері туралы әңгімелеу; бос уақытты тиімді ұйымдастыру болды.

Шараны жүргізген кітапхананың меңгерушісі А.З.Сүлейменова бақшашы киімін киіп, кітаптарды пайдалана отырып, осы тақырыпта әңгіме қозғады, көкөністер мен жеміс-жидектер туралы өлеңдер оқып, жұмбақтар жасырды.

Балалар бірнеше қызықты ойындарға қатысып, «Өсімдіксіз өмір жоқ» атты слайд-презентациядан өсімдіктерден алынатын, адам ағзасы үшін пайдасы зор дәрумендер туралы көп тың деректер білді.

Комментарии запрещены.