13 маусымда №10 көпшілік кітапханасында №17 мектептің жанындағы лагерьде демалушыларға арналған экологиялық сейіл өткізілді. Оны кітапханашылар Т.Т. Магмурова мен Н.И. Пихлик қазақ және орыс тілдерінде жүргізді.
Кітапханашылар табиғатқа жасалып жатқан зиян туралы әңгімеледі. Адамдар орманда серуендегенде кейде өздерінен кейін сөнбеген отты, қоқысты қалдырып кетеді. Осындай бір жайтты суреттеген Сергей Михалковтың өлеңі оқылды. Ал балалар ешқашан да олай істемеуге уәде берді.
Наталья Ивановна қоршаған орта үшін жауапкершілікті ұмытпасын деген мақсатпен адамдардың табиғатта өзін ұстау ережелерін оқып берді. Ал Таслима Теміртасовна «Шағым кітабы» ойыны арқылы табиғатты сақтау баршаның міндеті екенін білдірді. Бұдан кейінгі ойындар балалардың орманды мекендейтіндерді қаншалықты білетініне арналды. Сонымен бірге өсімдіктер туралы жұмбақтар жасырылды. Табиғат туралы викторинаның сұрақтары қиын болса да, балалар ойлана келіп, дұрыс жауаптарын тапты.
Іс-шара сейілдегідей көңілді өтті. Балалар кітаптарды ақтарып, үстел ойындарын ойнады. Шараға 60 бала қатысты.