13 ақпанда №10 көпшілік кітапханасының оқу залында №24 мектептің 8 сынып оқушыларының Ауған соғысының ардагерлері – Қызыл Жұлдыз орденінің кавалері Әміров Кенжебай Мүбаракұлымен және Захарчук Александр Ивановичпен, сондай-ақ павлодарлық бард Қожахметов Мәулен Молдабайұлымен кездесуі болып өтті.
Шараны жүргізген кітапханашылар көп адамның өмірін жалмаған Ауғанстандағы соғыс туралы әңгімеледі. Соғыс он жылға жуық болды. Қазақ тіліндегі бейнефильм соғыс шындығынан хабар берді. Соғыс шығынсыз болмайды. Ол көп адамның өмірін ерте қияды. Оқушылар маджахедтермен болған ұрыстағы асқан ерлігі үшін 269 павлодарлық – ордендермен және медальдармен, ал 26 жерлесіміз – Қызыл Жұлдыз орденімен, оның сегізі қайтыс болғаннан кейін наградталғанын білді. «Бір минут» үнсіздікпен майданда қаза болғандар еске түсірілді.
Қанды қырғынның ішінде болған, кітапхананың бүгінгі қонақтарына сөз берілді. Олар балаларға Ауғанстанда интернационалдық борышын қалай орындағаны, берген жауынгерлік антқа қалай адал болғандығы туралы әңгімеледі. Өздері де бір кезде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің әңгімесін естіп өсті. Отанды қорғауды олар ең басты азаматтық парыз жеп санады.
Патриот қонақтар бірнеше жауынгерлік ән орындады. Кенжебай Мүбаракұлы Александр Казаковтың сөзіне жазылған өзінің екі әнін және Ауғанстанда жүргенде айтатын әндерді шырқады. Ол рірнеше республикалық конкурстардың жеңімпазы екен. Мәулен Қожахметов те гитарамен бірнеше әнді нақышына келтіре орындады.
Іс-шара соңында сынып жетекшісі Р.Н.Рақымжанова интернационалист жауынгерлерге Отан қорғау жолындағы ерлік істері мен жастарға патриоттық тәрбие беруге белсене қатысқандары үшін алғыс білдірді. Ал кітапхана меңгерушісі Ирина Васильевна қонақтарға кәде-сый жасады.
Шараға 39 адам қатысты.