18 шілдеде №6 балалар кітапханасының қызметкерлері №23 мектептің жанындағы лагерьдегі балалармен интеллектуалды-спорт марафонын өткізді. Ондағы мақсат: адамды физикалық жағынан дамыту; салауатты өмір салтын қалыптастыру; дене тәрбиесімен және спортпен үнемі айналысу дағдысын қалыптастыру.
Балалар «Орлята» және «Молния» атты екі командаға бөлініп, құттықтауы мен девизін айтты. Спорттық сайыстар мынадай эстафеталар мен интеллектуалдық ойындардан тұрды: «Попробуй догони», «Прыжки в длину», «Бег в мешках», «Не урони мяч», «Вьюнки», «Футбольные жонглёры», «Приседания», «Баскетбол», «Отжимания», «Паровозик», «Пингвин», «Рыбак», «Попрыгунчики». Онда балалар өздерінің күшін, ептілігін, төзімділігін, шапшаңдығын, өзара көмек сезімін көрсетті.
Ал интеллектуалдық бөлімде өздерінің олимпиада ойындары туралы білімін көрсетті. Сайыс қорытындысында достық жеңді. Шараға 24 адам қатысты.