29 сәуір күні Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында N43 мектептің 4 сынып оқушылары үшін «Халықтар достығында – ел бірлігі» атты достық сағаты өткізілді. Бұл мереке ұлты мен дініне қарамастан барша қазақстандықтардың достығының, бірлігі мен жасампаздық символына айналды. Балалар әр ұлттың ұлттық ойындарына белсене қатысты, жұмбақтарды шешті, достық туралы мақал-мәтелдерді еске түсірді, «Қазақстан – ортақ үйіміз» викторинасының сұрақтарына жауап берді. Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.