2 мамыр күні кітапхананың оқу залында № 43 мектептің 4 сынып оқушыларына Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Халықтар достығы – ел байлығы» атты әдеби-музыкалық сағаты өткізілді. Іс-шарада Ұлттық жаңғыру мектебінің украин бөлімінің қосымша білім беру пәнінің мұғалімі Т. Ю. Головчук сөз сөйледі, бөлімінің тәрбиеленушілері «Қос алқа» күйін, украин әнін орындап, қасықпен күлкілі композициясын ойнап берді. 2 сынып оқушысы Кудасова Алтын флейта аспабында «Қамажай» әнін орындады. Оқушылар «Қазақстан халықтары» атты викторина сұрақтарына жауап берді, достық туралы мақал-мәтелдерді толықтырды, халықтар татулығы мен бірлігі туралы әңгімеледі. Балалардың назарына «Қазақстан – бейбітшілік аумағы» атты кітап көрмесі ұсынылды. Іс-шара кітапхана өміріне белсене қатысатын оқырмандарды марапаттаумен аяқталды.