Халықтар достығы – бірлікпен береке көзі

28.04.2023 ж. Орталық қалалық кітапханасында  1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлік, ынтымақ пен  достық, еліміздегі ұлт-аралық татулық күніне орай «Халықтар достығы – бірлікпен береке көзі» атты мерекелік кеші өтті. Аталмыш кеште 1-ші аудан ардагерлер кеңесінің төрайымы Е. Ахметжанұлы құттықтау тілегін жолдады. Шешен–ингуш этномәдени «Халкъян барт» бірлестігінің  Қанат Даржуман атындағы ұлттық жаңғыру  мектебінің жетекшісі К.М. Фаргиева өз ұлттарының тарихы мен мәдениеті туралы таныстыра отырып, құттықтау тілегін  білдірді.  Шешен–ингуш этномәдени «Халкъян барт» бірлестігінің  және Қанат Даржуман атындағы ұлттық жаңғыру  мектебінің  мүшелері өз өнерлерін ортаға салып, кешімізді көңілді  ән–шашуге ұластырды. «Бейбітшілік – ел тірегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Комментарии запрещены.