«Халықпен мен бірге болу» атты инфо -квест

28 ақпан күні № 8 балалар кітапханасында Алғыс айту күніне орай  № 14 мектебінің 5 сынып оқушыларына арналған «Халықпен мен бірге болу» атты инфо -квест  өткізілді. Балалар осы мерекенің тарихы, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы көптеген жаңа және қызықты мағлұматтармен танысып, «Алғыс айту күні» атты бейне-ролик тамашалады.

Кітапханашы балаларға бұл мерекенің не себепті 1 наурызда аталып өтілетіні туралы, барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген достық пен махаббат сезімдерін білдіретін мереке екені айтты.  Балалар «Алғыс» сөзіне өмірден мысалдар келтіріп, «алғыс» тақырыбына арналған «Мақал-мәтелдерді жина» ойынына белсене қатысты. Кітапханашы бұл мерекенің қазақ халқының мейірімді және ынтымақшыл әдет-ғұрпынан бастау алатын тарихи дәстүрлеріне негізделгенін атап өтті.

Комментарии запрещены.