28 ақпан күні Мүбарак Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасының коворкингінде «Альрами» клуб үйі мүшелері үшін «Гостья наша, дорогая Масленица!» танымдық сағаты өткізілді. Мақсаты: орыс халқының салт-дәстүрімен танысу.
Жүргізуші-кітапханашы Любовь Степановна Микушина бүгінгі мереке үлкен мереке болып есептелетінін, орыс халқының қыс-анасын қалай шығарып салғанын, көктемді-қызылды қарсы алғанын, ал мерекенің басты қонағы – Масленица және қонақтарға «Как на Масленой неделе» әнін тыңдауды ұсынды. Масленицаны Ресейде қалай қарсы алғанын еске салды; мерекелік аптаның әр күні қалай аталып, тойланғанын да еске салды. Әңгіме: «А мы Масленицу дожидались», «Ой, блины, блины, блины…», «Валенки», «Барыня», «Как на тоненький ледок» және т.б. әндермен сүйемелденді, «Сжигание чучела Масленицы» бейнебаяны көрсетілді.
Қатысушылар қуана «Соберёмся мы в кружок», «Да или Нет» ойындарына, «Загадочный» сайысына қатысты. Шара соңы «Ишь ты, Масленица», «Снегурка» мультфильмдерінің көрсетілуімен аяқталды. Қатысушылар саны – 20 адам.