«Ауған жолдарымен»

Ақпанның 28 күні №4 балалар кітапханасының оқу залында №43 мектебінің 7 сынып оқушыларына «Ауған жолдарымен» атты естелік сағатын өткіздік.  Шараға Ауған соғыстың жауынгерлері, Кеңес Армиясының әскерлері Какашин Қайрат Ж. және Құдабаев Қайрат А. шақырылды. Ешкімге жарияланбаған, ерлік және қайғылы, интернационалист-жауынгерлердің өмірлерін мыңдап әкеткен бұл соғыс Ұлы Отан соғысынан екі есе көбірек созылды.  «Ауған жаңғырығы» атты кітап көрмесі безендірілді.

Кітапханашылар   оқушыларға Кеңес Одағының Ауғанстан аумағында бейбіт мақсаттары туралы айтты. «Это нельзя забыть» атты слайд көрсетілді. Қонақтар өздерінің Ауғандағы жауынгерлік өмірі туралы айтты. Какашин Қайрат Ж. және Құдабаев Қайрат А.  қиын-қатерлі әскери қызметі туралы әңгімелерін айтты. Соғыста қаза тапқан жауынгерлерді еске алу құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды.

Жүргізуші Мухутдинова Н. К. павлодарлық өлкетанушы Б. Хазыровтың «Черный тюльпан» және А. Казаковтың «Палитра одной души» атты кітаптармен таныстырды.

Шараның аяғында ардагерлер балаларға жауапты және батыл болуға, азаматтық борышына, антқа адал болуға тіледі. «Уходим» әнімен шара аяқталды. Қатысқан 25 оқ.

Комментарии запрещены.