30 қазан күні Орталық балалар кітапханасының коворкингінде № 5 ЖОББМ-нің 1 сынып оқушыларына және № 82 балабақшаның мектепалды тобының балаларына арналған «Глобустағы жоқ Ел» атты ертегі саяхатын өткізді. Мақсаты: кітапханамен және балалар ертегілерімен танысу.
Жүргізуші-кітапханашы Микушина Любовь Степановна кітапхана табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге «білім ғибадатханасы» залдарын көрсетті; балалар әдебиеті қорының алуан түрімен таныстырды және барлығына Ертегілер Еліне ғажайып саяхаттауды ұсынды. Саяхаттай отырып, оқушылар «Жұмбақты», «Телеграммды», «Пошталық шатаспақ», «Ертегілі» станция аялдамаларына тоқталды; «Ертегілі жұмбақтар» және «Сүйікті ертегілер бойынша» атты виртуалды сұрақтардың жауаптарын тауып отырды.
Қонаққа пошташы Печкин (кітапханашы Борякина Елена Юрьевна) келіп, балалардан көмек сұрады. Оған балалар да телеграммалардың қай ертегі кейіпкерлерінен келгенін тез тауып берді. Оқушылар қуана «Ертегі кейіпкерінің қайда тұратынын тап» ойынына қатысып, «Ертегі кейіпкерін ата» кроссвордын шешті.
Саяхат соңы «Рукавичка» қуыршақ қойылымы мен «Три дровосека» мультфильмінің көрсетілуімен аяқталды.
Қатысушылар саны – 70 адам.