«Бағдаршамда қонақта»

10 қазан күні Орталық балалар кітапханасы коворкингінде №5 ЖОББМ-нің 5-6 сынып оқушыларына арналған «Бағдаршамда қонақта»  атты танымдық – ойын бағдарламасы өткізілді. Шара Жол жүру ережесіне арналды. Мақсаты: жолдағы қауіпсіз тәртіп ережелері туралы балалардың ойын қалыптастыру.

Жүргізуші-кітапханашы Любовь Степановна Микушина  балаларға Көшелер мен жолдар заңы – қатал болып келетіні туралы әңгімені бастады. Жаяу жүргінші көшеде ережелерді орындамай, өзі қалағанындай жүргенін ол кешірмейді. Бірақ, бұл заң басқа жағынан өте мейірімді: ол адамдарды қорқынышты жағдайлардан, бақытсыздықтардан құтқарып, өмірлерін сақтайды. Сондықтан ережелерді жақсы білу, көшеден сенімді өтуге мүмкіндік береді. Содан кейін балалардан Жол жүру ережесін білу не үшін керек? деген сұраққа жауап беруін сұрады.

Бағдарлама жалғасында: «Ия немесе Жоқ» бірлескен жаттығуы, «Жұмбақтар» сұрақ-жауабы, «Автомульти»  конкурсы,  «Мұқият жаяу жүргінші» блиц-сауалнамасы, «Рұқсат етіледі — Рұқсат етілмейді» ойыны, «Жол белгілері» виртуалды сұрақ — жауабы, «Көшені дұрыс өт» ойыны; виртуалды «Тест-сұрақтар» мен «Сөзді құрастыр» ойыны өтті. Қатысушылар – 17 адам.

Комментарии запрещены.