Если дружат люди — дружат языки

2023 жылдың 27 сәуірінде Орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдаудың аймақтық орталығы» КММ үшін «Если дружат люди — дружат языки»  атты әдеби баттл ойынын өткізді. Іс-шараға қатысушылар өздерін белсенді шығармашылық тұлға, орыс тілі мен әдебиетінің білгірлері ретінде көрсетті. Топтық сайыста ойыншылар әдеби саяхатқа аттанып, өз білімдерін көрсетті. Онда орыс тілі мен әдебиет туралы қызықты деректерді біліп, викторина, түрлі танымдық сайыстарға қатысып орыс жазушыларының шығармаларын еске алды. Сонымен қатар шараға қатысты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара танымды және қызықты өтті.

Комментарии запрещены.