«Есімі әлемге әйгілі»

25 сәуірде N43 мектептің 9-сынып оқушыларына Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті геолог-ғалым Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Есімі әлемге әйгілі» атты ақпараттық сағаты өткізілді. Қазақстанның жер қойнауының байлығын геологиялық барлау мен ашу тарихындағы ең жарқын беттердің бірі оның есімімен байланысты. Балалар Қаныш Сәтбаевтың өмірбаянымен танысып, әрқашан нәтижелі еңбек етіп, барша ғалымдардың алдына жаңалық ашу  ізденістерді міндет еткен әлемдік деңгейдегі ғалым, ұлы тұлға туралы көп мағлұмат алды. Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен ғылыми қызметі – өз ісіне берілгендіктің, Отаны мен халқына аянбай қызмет етудің үлгісі. Оқушылар «Ұлы ғалым және академик» викторинасының сұрақтарына жауап берді, көрмедегі кітаптарды қарап шықты.

 

Комментарии запрещены.