Ертегілер аукционы «Нұрын шашқан парақтар»

  Ертегілер аукционы «Нұрын шашқан парақтар» —  №10 қалалық кітапхананың коворкинг орталығында Балалар мен жасөспірімдер кітабы мен музыка апталығына арналған  №34 балабақшаның екі дайындық тобы үшін ертегілер аукционы болып өтті. Шара «Балақайларды кітаппен достастыру» атты жоба барысында өткізілді. Жүргізуші– кітапханашылар :   Р. Займолда, И.В. Абрамова және Н.И.Пихлик екі тілде өткізді.

Шараның басында кітаптың шығу тарихы жайында сөз қозғалды. Балалар әдебиетінің жазушылары Б. Сокпакбаев, М. Жаманбалинов, М. Әлімбаев және С.  Ерубаев, Ғ. Жұматовтарға ерекше тоқталып өтілді.

Жүргізушілер кітапханаішілік,  жаңа  мәртебесі «коворкинг» орталығы туралы мәліметтер берді.  Балақайлардың кітапқа деген қызығушылығын тудыру мақсатында жас ерекшеліктеріне сәйкес кітаптар таныстырылып, әдемі ашық суреттермен кітаптар көрсетілді. Әңгіме «кітаптар мерейтойына» көшірілді. Онда балақайларды қызықты викториналар, ертегілерден үзінділер, конкурстар күтті. Үлкендерден тыңдап, естіп өскен ертегілері барысында қойылған сұрақтарға белсене жауап берді.  Балақайлардың барлығы дерлік білімді болып шықты.

Алғашқы конкурстың сұрақтары «Кейіпкерлердің толық есімдері» деп аталды.   Келесі сайыстар «Ұйқасты табу», «Бұл кім?», «Фоторобот»  балаларды біраз ойландыртты.

Шара соңында кітапхана ішіндегі кітаптар таныстырылды, балалар әдебиеттері, қызықты ертегі кітаптар көрсетілді. Әр парағы күннің көзіндей нұрға тұнып тұрған кітаптар балақайлар қолында болды. Бүлдіршіндер қуанып риза болды. Қалған уақыттарында кітапхана ішімен танысып, орталықтағы балаларға арналған ойыншықтармен ойнап, «томпақтарға» отырып мәз болды. Кітапханада әткен уақыттарына ризашылықтарын білдіріп ата аналарымен келуге уәде беріп кетті.

 Кітап көрмесі — әдебиетті қару, 49 кітап

 Музыкалық безендіру — бейнеклип «В гостях у сказки»

 Үйлестіру — «№34 бала бақша» МКҚК басшысы З.В. Пустовая

 Қатысушылар — «А», «Б» дайындық тобының тәрбиеленушілері және тәрбиешілері

 Қатысушылардын саны 46 адам 

Комментарии запрещены.