«Ертегі каруселі»

2 сәуір Халықаралық балалар кітабы мерекесіне орай № 2-ші мектептің  бастауыш сынып оқушыларына «Ертегі каруселі» атты ойын викторинасы өткізілді. Халықаралық балаларға арналған кітап күні 1956 жылдан бастап, жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай,  яғни сәуір айының 2-де атап өтіледі. Халықаралық кітап күн саналатын атаулы мереке аясында балаларға жаңа кітаптар жарнамалып, жазушылармен кездесулер өткізіледі. Кітапханашы осы кітап күніне орай жас оқырмандарға әлем балаларын әдебиетітерінің  кітабін оқуға, кітапқа жақын болуға, адам өміріндегі кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіріп, және қазақ балалар жазушыларының балаларға арналган кітаптарымен таныстырып өтті. Сонымен қатар балалар оқыған ертегілеріне байланысты викториналық сұрақтарға жауап беріп, жасырылған жұмбақтарды тез табуға белсене қатысты. «Ертегіні тап» ойыны ойнатылып, балалар ойынға  ерекше қызығушылықпен қатысып, артынан естелік суретке түсті.

Комментарии запрещены.