«Елдіктің ерен рухы» танымдық сағаты

Жастардың Отанына деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімдерін дамыту, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуді үйрету мақсатында № 17 көпшілік кітапхана ұжымы 5 маусым күні ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай «Елдіктің ерен рухы» атты тақырыбымен танымдық сағатын ұйымдастырды.

Іс-шара Қазақстанның Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Кітапхана меңгерушісі Жармагамбетова Алмагүл Қонақбайқызы жастарға егеменді еліміз  әлемдегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде Елтаңбасын, Әнұраны мен Туын белгілеп, олардың мәнін жас ұрпақтың терең түсінуі басты борыш екенін айтты.

Бұл шараға ПМПУ студенттері мен Павлодар «Білім» инновациясының қыздарға арналған қазақ-түрік лицейінің 10 сынып оқушылары қатысып, елдік нышандардың саяси маңызы туралы өз білетіндерін айтты. Сонымен қатар іс- шара барысында  «Еліміздің мемлекеттік рәміздерін білесің бе?» тақырыбымен сауалнама жүргізілді.  Сауалнамаға 22 адам қатысты. Оның нәтижесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы респонденттердің 95 пайызы білетінін көрсетті. Жастар «Ел рәміздері –  тәуелсіздік символы» кітап көрмесімен  танысты. Қатысушылар – 26 адам.

Комментарии запрещены.