2019 жылдың 28 қарашасында № 8 балалар кітапханасында Тұңғыш Президенті күніне орай «Елбасы елімен бірге» атты ақпарат сағаты өтті. Шараның негізгі мақсаты- елге, жерге деген патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алу. Мәдени іс-шараға № 14 Жалпы орта білім беру мектебінің 6 «ә» сыныбының оқушылары және қазақ тілі пәннін мұғалімі қатысты. Іс-шара мемлекетіміздің Әнұранын орындаудан басталды. Шара барысында кітапханашылар Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны мен саяси еңбек жолына кең көлемді шолу жасап, оқушыларға Елбасымыз туралы бейнефильм көрсетті. Оқушылар Елбасына деген сүйіспеншіліктерін, құрметтерін өлеңмен жеткізе білді. Соңында балаларға ұсынылған көрнекі-кітап көрмесі бойынша шолу өткізілді. Көрмеде Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың барлық қызмет спектрін бейнелейтін кітаптар, мерзімдік басылымдар, фотоқұжаттар, альбомдар ұсынылды. Кітапханашы Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяндық мәліметтерімен қысқаша таныстырып өтті. Шараға 27 бала қатысты.