2023 жылдың 5 мамырында Павлодар ауылының көпшілік кітапханасында Павлодар ауылының әкімі аппаратымен бірлесіп,
интернационалистер-сарбаздарға арналған «Ел болашағы – бүгінгі жастар» атты патриоттық ән кеші өтті.
Қонақтарды ауыл әкімі С.Т.Рушанов құттықтады.Қонақтарға Д.Рейхерт гитарада В.Цойдың «Кукушка» әнін, Зубков А. баянмен «Балалар сюитасы №1» музыкасын, домбыра үйірмесі «Жастар күйі»
және «Түрікмен күйін», #40 орта мектептің 7а-сынып оқушылары «Сарбаздар» әнін, «Достық» ауылының ардагерлер хоры «Катюша», «Смуглянка» әскери әндерін орындады.
Мереке құрметіне ауыл әкімі келген қонақтарға сыйлықтар табыс етті, Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі атынан «Достық» ауылының ардагерлер хорына алғыс хат, ұлдарға шағын сыйлықтар табыс етілді.