«Экран жұлдызы»

2024 жылдың 15 ақпанында кітапхана оқырмандары үшін театр және кино режиссері, актер, Қазақстанның Халық әртісі Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толуына арналған «Экран жұлдызы» атты өнер сағаты өткізілді. Шәкен Аймановтың фильмдері — қазақ киносының классикасы. Кітапханашылар балаларды Ш.Аймановтың өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, оның табиғи таланты, мінезінің тереңдігі, жанының ашықтығы туралы әңгімеледі. Шәкен Айманов «Біздің сүйікті дәрігер»(1957), «Алдар Көсе» (1964), «Тақиялы періште» (1968), «Атаманның ақыры»(1970), «Махаббат туралы аңыз»(1954), «Дала қызы»(1955), «Біз осында тұрамыз»(1957), т.б.фильмдер түсірген, «Амангелді»(1945), «Абай»(1949), т.б.спектаклдерді қойған. Әуезов атындағы Қазақ драма театрының сахнасында басты рөлдерді сомдаған (Исатай, Ақан сері, Қобланды, Қодар, Хлестаков, Кассио т.б). Ол өзінің ерекшелігімен және әсем әуезді даусымен көрерменді тәнті етіп отырды. Ш.Айманов – КСРО, Қазақ КСР халық әртісі. «Қазақфильм» киностудиясына, Алматы және Павлодар қалалардың көшелеріне, Павлодар қаласының кинотеатрына Ш.Аймановтың есімі берілген.

Комментарии запрещены.