2019 жылдың 2 қазан күні Орталық балалар кітапханасының коворкингінде «Альрами» клуб үйі мүшелері (ақыл-есі кем адамдар) үшін Халықаралық күлкі күніне арналған «Дүниежүзілік күлкі күні» ойын-сауық бульвары өткізілді. Мақсаты: эмоционалды қайырымдылықты дамыту; одан алатын әсерлерін байыту және көңіл-күйлерін көтеру.
Жүргізуші-кітапханашы Микушина Любовь Степановна қатысушыларға жұмбақты шешуді ұсынды. Барлығы жаубын тапқаннан кейін, қай мереке туралы сөз қозғалып жатқаны жөнінде түсінді және де «Крошка Енот» мультфильмінен үзіндіні қуана қарады. Кейін жүргізуші Халықаралық күлкі күнінің пайда болу тарихымен таныстырды. Бұл күн бүкіл әлемде қазан айының бірінші жұмасы күні тойланады. Бұл күнді күлімдеп тұрған смайликтің де туған күні деп есептеуге болады. Өйткені, оны алғаш 1963 жылы аты көпке таралмаған суретші Харри Бэлл салған болатын. Бұл мереке 1999 жылдан бастап, тойланатын болған. Харви Бэлл сақтандыру компаниясының тапсырмасын орындай отырып, күлімсіреген сары бет – смайликті ойлап тапқан. Бұл ағылшын тілінен аударғанда «күлімсіреу» дегенді білдіреді. Сондықтан, әр жымиған күлкіден әлем жылы және жайлы болмақ.
Ал барша қонақтарымыз күлімсіреп отырулары үшін, оларға: «Смех и шутка» нақыл сөздер сайысы, «Загадки-обманки» сайысы, «Сорока-белобока» ертегісі, «Научи нас веселиться» ойын-өлеңі; Ақын А.Введенский өлеңдерінің оқылуы; «Күлкі күні!» слайд-презентациясы мен «Күлімсіре» бейнеролигінің қаралуы және т.б. ұсынылды. Ойын-сауық бульвары «Просто так», «Кот Леопольд» мультфильмдерінің көрсетілуімен және де шара жүргізушінің «Күлкімен бөлісу керек! Ол міндетті түрде өзіңізге қайта оралады!» деген сөздерімен аяқталды. Қатысқандар саны – 23 адам.