28 ақпан күні сағат 12.00-де №3 қөпшілік кітапханада Алғыс күніне арналған «Достықпен өмір сүру» атты ақпараттық-квест өткізілді.
Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялады. Іс-шара Ленин кентінің Ардагерлер кеңесінің, №33 мектептің жоғары сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Жүргізушілер ардагерлер мен оқушылар командалары арасында «Өмір», «Махаббатты тану», «Сөздің мағынасын ашу» ойын-тренингтер өткізді. Іс-шараға 20 адам қатысты.