2018 жылдың 7 қыркүйегінде № 6 балалар кітапханасының оқу залында №31 балабақшасының ересектер тобының балаларына Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне арналған «Достық және бауырластық тілі» атты конкурстық ойын бағдарламасы өткізілді.
Іс-шараның басында жетекші-кітапханашы Гүлнұр Шарипқызы Қайдарова кішкентай қонақтармен әр түрлі тілдерде амандасып, «Атамекен» әнінің әуенімен қарсы алды. Ол балаларға ежелгі дәуірде адамдар арасындағы қарым-қатынас туралы әңгімелеп берді, ол кезда адамдар өзара ыммен, дыбыстармен түсініскенін; хаттарда әріппен емес, сурет салу арқылы хабарласқанын айтты. Балалар ежелгі адамдар орнында болса, қалай түсінісер еді: «аңшылар олжа әкеле жатыр», «үңгірде от сөніп қалды» және т.б. жағдайларды қызықты етіп көрсетті. Балалар жас сәбидің сөйлеуі әжесінің ертегісінен, анасының бесік жырынан дарыйтыны туралы қызықты мағлұматтар алды. Балабақшада да, мектепте де — барлық жерде баланың сөйлесу ортасы болады. Тіл — адамның ең ұлы туындысы. Сөз — бұл ең керемет қарым-қатынас құралы. Егер тіл жоғалып кетсе, не болатынын елестету қиын.
Балалар Қазақстан аумағында 100-ден астам тіл дамып жатқандығымен танысты. «Керемет қапшық» ойыны балалардың қазақ тілін меңгеруге қызықтырды. Жүргізуші қаптардан заттарды алып көрсетіп тұрды, ал балалар не зат екенін орыс және қазақ тілдерінде: доп – мячик, ручка — қалам және т.б. жауабын тапты. Балалар орыс тілінде тақпақтар айтты. «Мақал жай айтылмайды» деген ойында, балалар баяндамашы бастаған танымал халық мақал-мәтелдерінің соңғы сөздерін аяқтап отырды. Балаларға сүйікті жұмбақтар конкурсы, «Сіз өз Отаныңызды білесіз бе?» байқауы балалар үшін өте қызықты болды.
Іс-шараның соңында балалар кітап көрмесімен танысты. Іс-шара балаларды әкелген тәрбиешілерге де, балаларға да қатты ұнады. Іс-шара көңілді бәсекелестік ойын түрінде өтті, балалар белсенді қатысып, оң және жақсы көңіл-күй алды.
Қатысқандар 30 адам.