«Ана тілді асқақтатқан ұлы елім» атты танымдық сағаты

2018 жылдың  7  қыркүйегінде  Қазақстан халықтарының Тілдер күнін мерекелеу шеңберінде № 8 балалар кітапханасының ұжымы  Отбасылық үлгісіндегі балалар үйінің 28 тәрбиеленушілеріне  «Ана тілді асқақтатқан ұлы елім»  атты танымдық сағатын  өткізді. Іс-шараның мақсаты: басқа тілдерді меңгеруге қызығушылықты арттыру, мемлекеттік тілді міндетті түрде білу, халықтың мәдени мұрасын зерттеу арқылы патриотизмді қалыптастыру.

Іс-шараның  басында балалар Қазақстан көпұлтты мемлекет екенін және 85-тен астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрып жатқанымен танысты. Әрбір тіл басқа тілдермен  тағдырлас  және өз тарихы, өз тағдыры бар. Содан кейін балалар 3 бөлімнен тұратын ойын бағдарламасына қатысты: «Бізге аудармашы қажет емес», «Жұмбақтар елі» және «Мақал – елдің қазынасы». Балалар сөздерді аударып, қазақ, орыс, украин және белорус халықтарының мақал-мәтелдері мен жұмбақтарын еске түсірді. Үлкен ынтамен және  қызығушылықпен    «Сөзді жинақта», «Полиглот», «Мақалды таңда» атты ойындарына қатысты. Соңында балалардың назарына «Өркендей бер ана тілім» кітап көрмесінен әдебиеттер шолуы ұсынылды. Іс-шара екі тілде жүргізілді. Шараға 28 оқушы қатысты.

Комментарии запрещены.