3 шілде күні Кенжекол ауылында көпшілік кітапханасында Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра үні – ғасырлар үндеуі» атты әуенді-сазды кеш ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының қасиетті ұлттық аспабы – домбыраның тарихы мен рухани мұрасын насихаттау, ұлттық мәдениетке деген құрметті арттыру, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезім мен ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Кеш барысында қатысушылар домбыраның шығу тарихы, оның қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен рухани өміріндегі маңызы, сондай-ақ күй өнерінің ерекшеліктері туралы мазмұнды бейнекөрсетілімді тамашалады.
Шараның көркін Кенжекөл балалар музыка мектебінің ұстаздары Қабдрашит Гүлназ Руслановна мен Харал Бахытгүлдің орындауындағы әсерлі күйлер аша түсті. Сонымен қатар ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылардың белсенділігі арттырылды. Іс-шара аясында Ұлттық домбыра күніне арналған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, домбыра тарихы, күй өнері және қазақтың дәстүрлі музыкалық мұрасы туралы әдебиеттер таныстырылды. Кеш барысында домбыраға арналған өлеңдер оқылып, халқымыздың төл өнері мен ұлттық құндылықтары кеңінен дәріптелді.
Тағылымы мол бұл мәдени шара ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттырып, қатысушылардың рухани дүниесін байыта түсті.

















