«Денсаулықпен достық» танымдық сағат.

22 маусым күні сағат 11.00-де Ленин кентінің №3 көпшілік кітапханасының қызметкерлері №32 мектептің жанындағы лагерінің балаларына «Денсаулықпен достық» атты танымдық сағат өткізді.

Адамның салауатты өмір салтының негіздері бала кезінен қалыптасады. Егер біз балаларды ерте жастан бастап өз денсаулығын бағалауға, қорғауға және нығайтуға үйретсек, егер біз олардың денсаулығына көбірек назар аударатын болсақ, онда тек осы жағдайда болашақ ұрпақтар сау және жеке, интеллектуалдық, рухани ғана емес, физиологиялық жағынан да дамиды деп үміттене аламыз.

Іс-шараның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, жұқпалы аурулар және алдын ала шаралары туралы білімді қалыптастыру және дамыту, жеке денсаулықты сақтау қажеттілігін қалыптастыру және өз денсаулығы мен айналасындағылардың денсаулығына жауапкершілікпен қарау.

Іс-шара барысында балалар «Жақсы және жаман», «Денсаулық әліппесі» сұрақ-жауаттарға қатысты. Салауатты өмір салтына анықтама берілді. Оның компоненттері күн тәртібі, дене гигиенасы, дұрыс тамақтану, дене шыңықтыру туралы айтты.  Оқушылар денсаулықты сақтау шарттарын анықтады. Кітапханашылар «Мен вакцинациядан қорықпаймын», «Доктор Неболейкиннің кеңестері» әңгімелерін өткізді. «Денсаулықты не бұзады, нені нығайтады?» ойыны өткізілді. 10 бала және екі тәрбиеші қатысты.

Комментарии запрещены.