Барлық елдерде адамдар бір-бірімен амандасқанда денсаулық тілейді. Өйткені, бірінші байлық – денсаулық. Соған орай Орталық балалар кітапханасында 19 және 21 маусым күндері №5 және №29 мектептердің жазғы лагеріндегі балалары үшін осы тақырыпта іс-шара өтті. Кітапханашылар Ольга Сергеевна Немлиенко мен Елена Юрьевна Борякина балаларға денсаулық туралы ескі аңызды айтып берді. Балаларға Денсаулық патшайымы келіп, олармен жаттығулар жасап, жұмбақтар жасырды. Алайда, оны ангина және микробтар ұрлап кетіп, мерекені бұзғысы келді. Олар балалардың витаминдер туралы білімдерін тексергісі келіп, олармен «Иә-Жоқ», «Пайдалы – зиянды» ойындарды ойнады. Содан кейін жүргізуші «Біз бақшаға барамыз», «Өгей шеше» және «Күлше қыз», «Зат тапқыштар» атты ойындар ұйымдастырды. Балалар барлық ойындарға белсенді қатысты және сұрақтарға жауап берді. Іс-шара соңында кітапханашы кітап көрмесіне шолу жасады. Денсаулық сағатына 65 бала қатысты.