«Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған»

07.06.2023 Орталық қалалық кітапханада «Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған» маман күні өтті. Кеш қонағы ЖИТС орталығының инфекционист-дәрігері Байгожина Кенжегүл Жанатқызы «Жасыл ел» студенттік жасағы машинақұру, ақпараттық-технологиялық колледж оқушыларына жастар арасында АИТВ/ЖИТС таралуының алдын алу, білім алушылардың АИТВ/ЖИТС проблемасының маңыздылығы және олардың мінез – құлқы үшін жеке жауапкершілігі, АИТВ жұқтырғандарға қатысты толеранттылықты тәрбиелеу туралы айтып берді.
Қатысушыларға, денсаулыққа байланысты, жаман әдеттердің зияны туралы мақал-мәтелдер мен сөздердің жалғасын табу ұсынылды және «Сіз ЖИТС туралы не білесіз?» тесті өткізілді.
Маманның ақпараты әр қайсына ауру туралы ақпарат алуға, сондай-ақ емделу түрлері, бейресми жағдайда әңгімелесуге және өздерін қызықтыратын сұрақтар қоюға мүмкіндік берді. Соңында қатысушылар мазмұнды дәрісі үшін К.Ж. Байғожинаға алғыстарын білдірді. Іс-шара бірлескен естелік фотосуретпен аяқталды.

Комментарии запрещены.