«Дәулескер күйші Дәулеткерей»

16.11.2022 ж. Орталық қалалық кітапханасы «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігі және «Музыкалық колледж — дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» студенттерімен бірлесіп қазақтың аса көрнекті күйші-композиторы, қазақ өнерінің саңлағы Дәулеткерей Шығайұлының шығармашылығына арналған тәрбиелік іс-шараны ұйымдастырды. Өнерге толы әрі тәрбиелік мәні зор шарада Сыздықов Балтабай Сәкенұлы — Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Дәулеткерей Шығайұлының өмірі мен күй өнері жайлы  ақпарат берді сонымен қатар «Сағым жылдар» анмсамблінің мүшелері және музыкалық колледж студенттері өнерлерін паш етті.

Комментарии запрещены.