«Дана — ертегіші» ертегі әлеміне саяхат

14 маусым күні №10 қалалық кітапхананың коворкинг орталығында урал ертегілер желісімен «Дана қарт-ертегіші» атты Павел Петрович Бажовтың туғанына 140 жыл толуына орай ертегі әлеміне саяхат  өтті. Шара №17 ЖОМ тің мектепішілік лагерінің оқушыларымен өткізілді. Іс шараны қазақ және орыс тілдерінде кітапханашылар: И.В. Абрамова., Р. Займолда., Н.И. Пихлик өткізді.

Алдыменен оқушыларға қарт ертегіші туралЫ айтылып өтілді. П. Бажов өте қарапайым, ақылды, өзі бір тура ертегі кейіпкерлері секілді болғанын, бойы аласалау келген, құтты бір Урал қазынасын жырлаушы, жерден пайда болған гном секілді деп бейнеленгенін балаларға айтылып өтілді. Сонымен қатар оны —  туған жері Уралдың тамаша әншісі, ертегішісі деп атаған. Әкесі таукенінде шебер болған, сол себептен Павел Бажов бар өмірін кеншілер ортасында өткізген.

Кешкі ауыр тірліктен кейін кеншінің балалары кен орындарын күзете отырып Урал тауының «құпия ертегілері» мен  «құпия күштері» туралы бір-біріне айтып беріп отырған. Олардың ойынша  «құпия күштердің» қорғаушысы- Малахит болған.

Қатысушылар ертегішінің  ертегілері — алтын, күмістерді алу жолындағы қарапайым жұмыскерлердің шеберлігі мен табанды еңбегі туралы айтылатынын білді.

П.Бажовтың өмірі тыныш Урал жерінде мұғалім болып жұмыс жасағанын, ауыл халқының қалай өмір сүргендігін, кен жұмысы барысындағы қолданылған техникалар таскесерлер, зерделеушілер туралы еңбектерін көріп біліп, зерттеп солар туралы аңыз әңгімелер жазғаны оқушыларды одан әрі қызықтыра түсті. 57 жасында жинаған ертегі, әңгімелерін жинақтап өткізеді. Тек ғана 80 жасқа толған кезде атақты «Малахитовая шкатулка» деген атпен жарық көреді. Еңбегі 80 тілге аударылған.

П. Бажовтың ертегілері түсінікті болу үшін назарларына «Огневушка-поскакушка» атты ертегілер жинағы көрсетілді. Содан кейін «Қарт адамдар былай деген..» атты ойын өткізілді. Ертегілері өте көне сөздерден құрастырылғандықтан әр кітабына түсіндірме қосымшалары берілген. Арығарай балаларды екі топқа бөліп әр топқа18 сөзден  таратылды. Әр сөзге түсініктеме беру керек болды. Командалар дұрыс жауап беруге тырысты. Қалған оқушыларға ертегі викториналары ұсынылды.

Шара біраз уақытқа дейін жалғасын тапты. П. Бажов кітаптарымен танысып, әдебиеттермен танысты. Қатысушылар саны 56 адам.

Комментарии запрещены.