«Дана – Абай, дара – Абай»

10 тамыз — қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Бұл күн 2020 жылдан бастап Қазақстанда мереке ретінде аталып өтілуде. Тамыздың 10 күні №4 балалар кітапханасында «Сауран» балалар клубының тәрбиенушілері және кітапхананың оқырмандары Абай күніне арналған «Дана – Абай, дара – Абай» атты дауыстап оқуға қатысты. Балалар ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысып, өлеңдерін оқыды. Абай Құнанбаев отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады.

Комментарии запрещены.