Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы

Д. Әбілев атындағы кітапхананың төрінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» арнайы жобасы бойынша өткен «Күмбірле, домбыра!» сазды кешы Ұлттық домбыра күніне арналды. Шараға кітапханамыздың «Әжелер мектебінің» мүшелері қатысып, қасиетті аспап жөнінде мәліметтері мен бөлісіп, әсем әндер орындады. Кітапхана қызметкерлері «Домбыра-дастан» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде ұсынылған шығармаларда нат ақты күйшілер, орындаушылар, композиторлар, домбыраның тарихы және қызықты деректер туралы білуге болады. Іс-шараға N 17 және 24 жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қатысты. Қызығушылық танытқан қонақтар домбыра өнеріне өз үлестерін қосқан адамдар туралы оқып, ноталарды қарап, аспапта ойнайалды және қазақстандық әртістердің орындауында домбыраның сүйемелдеуі мен ән  тыңдады. Шара соңында «Ақсақ құлан» мультфильмі көрсетілді.

Комментарии запрещены.