13 желтоқсан күні Мүбарак Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасы коворкингінде, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Бұл сенің де, менің де жерім» патриоттар турнирі өткізілді. Турнирге № 85 и 82 балабақшаның мектепалды тәрбиеленушілері қатысты. Мақсаты: ойын арқылы патриоттық сезімді және Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Жүргізуші-кітапханашы Любовь Степановна Микушина қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, Отанға деген сүйіспеншілігімізді және туған жеріміздің әсемдігі туралы әндер мен өлеңдер арқылы айтуға ұсынды! Шараны «Қазақстанның тәуелсіздік күні» бейнеролигінің қаралуы ашты. Жанкүйерлер, «Жаса Қазақстан!» өлеңіне әрбір топты қолпаштап, қол шапалақтап қарсы алды.
Топтардың қайсысы бірінші шығатынын шешу үшін, олармен «Бәйге» сайысы өткізілді. № 85 пен 82 балабақшаның топтары өздерінің атауларын, ұрандары мен музыкалық нөмірлерін көрсетті. Турнир жалғасында: конкурс чтецов «Менің Қазақстаным» өлең оқу сайысы және «Мен Отанымды жақсы көремін, өйткені…» бейнеойлау болды. Жанкүйерлермен де «Отан туралы» мақалдар сайысы және «Тілдік» сайысы өткізілді.