«Біздің қаланың көшелері»

24 шілде күні № 4 көпшілік кітапхана № 12 мектеп оқушыларымен «Біздің қаланың көшелері» атты тақырыпқа іс-шара өткізді.

«Не? Қашан?Қайда?» – викторинасы ойнатылды. «Біздің қаланың көшелері» атты кітап көрмесі сөреге қойылды. Кітапханашы Бақтылы Көшербайқызы Кусанова шара барысында қаламыз Павлодардың тарихы, көшелері онда орналасқан нысандар, ескерткіштер, көрнекі жерлері  туралы айтып өтті.  Павлодар қаласының көшелері  Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Шапық Шөкин, Әбікен Бектұров сынды Қазақстанның ғұлама ғалымдарының , республикамыздың алғашқы академиктерінің  есімімен аталатын бірнеше көшелерді  атап өтті. Елінің өркендеуіне өшпес із қалдырған біртуар тарихи тұлғалар есімізде сақталуы үшін көшелер мен алаңдар даралардың есімімен аталды.

«Павлодар бойынша серуендеу» фильмі көрсетілді. Әрі қарай Не? Қашан?Қайда? – интеллектуалды ойын викторинасымен жалғасты. Балалар қойған сұрақтарға нақты жауап беріп, өздерінің белсенділігін көрсетті. Қатыс. 10 адам

Комментарии запрещены.