11 шілде күні №8 балалар кітапханасында № 14 мектептің жазғы лагерьдегі оқушыларына «Біз және гигиена» атты танымдық–ойын бағдарламасы өткізілді.
Жүргізуші – кітапханашы Ирина Афанасьевна Стоянова іс-шараны денсаулық ғылымы неге гигиена деп аталғаны жөніндегі әңгімесімен бастады. Балалар тазалық туралы ережелерді еске түсіріп, жасырылған жұмбақтардың жауабын тауып, сұрақтарға жауап берді. «Кім ұқыпты – сол адамға жағымды» атты жұмбақ сайысына балалар белсеңді қатысты. «Ұқыпты», «Ең лас», «Менің ақыл-кеңесім» атты сайыстар балалардың көңілінен шықты. Ал «Маша мен микробтар», «Алма» атты көріністерде балалар өздерінің актерлік шеберліктерін көрсете алды. Іс-шара «Тазалық– денсаулық кепілі» атты кітап көрмесінің шолуымен аяқталды. Қатысқандар саны 32 оқушы.