«Біз көп ұлтты өлкенің тұрғынымыз» этнографиялық дастарқан

16 Сәуірде Орталық балалар кітапханасының Коворкинг орталығында кітапхана қызметкерлері Қазақстан халқының бірлігі күніне орай экономикалық колледж студенттеріне  «Біз көп ұлтты өлкенің тұрғынымыз»  этнографиялық дастарқан өткізді.Қонаққа Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының татар-башқұрт, чуваш орталықтарының этномәдени бірлестіктері, Естай атындағы ҚМС «Алтын дән» хореографиялық ансамблі, № 37 балабақшаның дайындық тобы шақырылды.Павлодар облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы және Орталық балалар кітапханасымен көп жылдық серіктестік қарым-қатынасы туралы қысқаша айтып берді.Естай атындағы ҚМС «Алтын дән» хореографиялық ансамбілінің қойылымдары кітапхананың ортақ шаңырағының астында жарқын мерекелік көңіл-күй сыйлады. № 37 сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі Э. Сейсенбай «Отан» өлеңін бір топ жігіттердің би антуражына, «Жалқаубек» қазақ биі, Ф.Сагандыкованың орындауындағы «Сен» әні, «Бухара» өзбек биі жиналған қонақтарға өте ұнады.Іс-шара соңында барлық қатысушылар «Бір үйдің баласындай» атты мерекелік әнімен, қолдарынан ұстасып, көңілді би биледі. Қонақтарға кітап көрмесіне «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» шолу және кітап көрмесімен танысу ұсынылды. Этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне алғыс хаттар табыс етілді, ал «Алтын дән» ән-би ансамблінің балалары мен № 37 балабақшаның тәрбиеленушілері тәтті сыйлықтармен марапатталды. Қатысқандар саны – 63 адам.

Комментарии запрещены.