25.01.2024 ж. Орталық қалалық кітапханада қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға, әнші, сазгер, айтыскер ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай «Біржан сал – қазақ ән – жырының шамшырағы» атты әдеби — музыкалық сазды кеші өтті. Аталмыш іс-шараға өңіріміздің «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Е. С. Жұматов, Инновациялық Евразия Университетінің доценті, филология ғылымдарының кондидаты Г. С. Муханбетова, Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі көпшілік бөлімінің экскурсовод жетекшісі, Мәдениет Майталманы — Ж. Қадырұлы, Павлодар қаласы Майра Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылығы мұражайы үйінің басшысы Е. О. Рахимов, Торайғыров атындағы Университетінің «Орындаушылық өнер» кафедрасының оқытушысы А. Ж. Бейсенов, «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» мемлекеттік мекемесінің музыкалық-теориялық пәндер оқытушысы Ә. Д. Арынова, Иса Байзақов атындағы филормония әншісі Г. Қыздарбекова, сонымен қатар № 5512 – ші әскери бөлімінің сарбаздары мен студенттер, «Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебі» ҚМҚК «Қазақ ұлт аспаптар бөлімінің» оқушыларынан құрылған Этно-фольклорлық «Шашу» ансамблінің орындаушыларыда қатысып отыр. Шараға келген қонақтар Біржанның ән орындау, композиторлық, ақындық тұрғысынан өнерінің дамуын, ән, өлең шығармашылығы тарапынан кіргізген жаңалықтарын, музыка әдебиетінен өзіне тән орын алғаны және Біржан әндері өзі өмір кешкен заманның қилы-қырлы қасиетті жайлары мен адамның бас бостандығы, ерекше тұлғалығы, жан-дуниесінің нәзіктігі, пәктігі, махабатты жырлауға арналғанын, осы салада едәуір жаңалық әкеліп, ән, айтыс, орындаушылық мәдениетінің шоқтығын көтерген халык композиторы — деп бағалағанына ерекше тоқталып өтті. Жазба және айтыскер ақын, дәстүрлі әнші Мизан Жұмали, Филармония әншісі Г.Қыздарбековалар халық әндерін орындады. № 5512 – ші әскери бөлімінің сарбаздары Біржан салдың өлеңдерін оқыды, ал «Құс — қанат ғұмыр» клубының мүшесі, Әлкей Марғұлан атындағы ППУ «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні факультетінің 1-курс студенті Жанбек Диас Біржан салға арнаған «Біржанның әні қандай? Сөзі балдай» — деген арнауын оқыды. «Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебі» ҚМҚК «Қазақ ұлт аспаптар бөлімінің» Этно-фольклорлық «Шашу» ансамблінің оқушыларынан құрылған оркестр халық күйлері мен халық әндерін орындады. Сонымен қатар кітапхана қорынан «Ұлы дала тұлғасы — Біржан сал» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.