«Бір кітаптың тарихы»

Көп жылдар бойы № 8 балалар кітапханасы № 14 орта мектеппен бірлесе жұмыс істеп келеді. 7 сәуірде «Оқитын мектеп» жобасы аясында «Бір кітаптың тарихы» атты байқау өтті. Оқушылардың жұмысын бағалау үшін қазылар алқасының құрамына біздің қызметкерлер енгізілді. Байқауға 5 кітап ұсынылды: Даль Р. «Чарли и шоколадная фабрика», Носов Н. «Незнайка на Луне», Кейт Ди Камилло «Приключения Десперо», Гребнев Г. «Пропавшее сокровище», Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа». Б. Соқпақбаевтың » Менің атым Қожа» әңгімесі бойынша көрініс көрсеткен окушылар жүлделі орынға ие болды.

Комментарии запрещены.