«Бір ел — бір кітап 2020» акциясы». Ұсынылатын әдебиеттер тізімі / «Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ. Ақпараттық-библиографиялық бөлім. — Павлодар, 2020. — 18 б.
Оқырманға арналған сөз!
Ұлттық академиялық кітапханасы адамның тұлға болуы мен қалыптасуында маңызды функцияны орындайтынын, кітап оқудың адамға көп қырлы және белсенді әсер ететінін ескеріп, қоғам дамуының басымдылықтарының бірі ретінде кітап оқуды қолдауды қарастыра отырып, Қазақстанда жыл сайын «Бір ел – бір кітап» акциясын жүзеге асыруды ұсынған болатын.
Акцияның мақсаты: оқырман мәдениетін қолдау және дамыту, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау, ана тіліне құрметпен қарау, рухани мұраны сақтауға, отандық әдебиетке деген жастардың қызығушылығын арттыру болып табылады.
Міндеттері:
— ұлттық әдебиетке деген оқырмандардың қызығушылықтарын қолдау және дамыту;
— кітап оқу проблемаларына ғалымдардың, мамандардың, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің назарын аударту;
— әлеуетті оқырмандарды тарту;
— баспахана ұйымдарының қазақстандық авторлардың кітаптарын шығаруға қызығушылықтарын арттыру;
— әлемдік әдеби үдерісте қазақстандық авторлардың шоғырлануы.
Акцияның мазмұны: бүкіл ел болып бір уақытта бір кітапты оқып шығу және талқылау, осы кітапқа арналған түрлі шараларды өткізу.
Акцияны өткізу үшін кітапты таңдау азаматтардың қалауларын анықтау жолымен, мекемелерде, ұйымдарда, оқу орындарында сауалнамаларды жүргізу арқылы, телефон арқылы сұрау, ауызша сұрау арқылы жүргізіледі.
Акция кезінде іс-шара өткізу формасы әртүрлі болуы мүмкін. Олар: сынып сағаттары, әдеби кештер, талқылаулар, кітап бойынша фильмдерді тамашалау және талқылау, жазушылармен, әртістермен кездесу кештері, телемарафондар, клуб отырыстары, қойылымдар.
2020 жылы, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай М. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы, Шығыс ғұламасы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы таңдалды.
М. Әуезов «Абай жолы»
«Абай жолының» бас кейіпкері — Абай. Біз ақын өмірінің елу жылына айғақ боламыз. Абайдың адам, азамат, ақын ретінде қалыптасуы сол жарты ғасыр ішіндегі қазақ қоғамының барлық саласындағы өмірдің барлық ойы-қыры, қия-қалтарысымен өріле суреттеледі. Абай арқылы өткен ғасырдың екінші жартысындағы және осы ғасырдың басындағы бүкіл халық тіршілігін, оның көп бұралаң тағдырын, ой-арманын, мақсат-мүддесін, күрес-тартысын… шарлап өтеміз. «Халық» дегенде, бұл ұғымның негізінде ұлттың әдет-ғұрпы ғана емес, ұлттық рухы жататыны сөзсіз. Демек, «Абай жолында» кешегі қазақтардың тұрмысы, әдет-ғұрпы ғана емес, күллі рухы сайрап білініп тұр.
Ә. Әлімжанов «Ұстаздың оралуы»
«Ұстаздың оралуы» романында Ә. Әлімжанов сонау X ғасырда өмір кешкен кемеңгер жерлес ғалымымыз, кезінде «Шығыстың екінші ұстазы» атанған Әбунасыр әл-Фарабидің ғибратты өмірін сөз етеді. Адамдықтың, жақсылықтың мәңгілік жауы — надандық тұманын сейілту үшін, жамағатшылыққа ең адал, таза даму, көркею жолын іздеп, ақиқатпен, біліммен қаруландыру үшін өмір бойы еңбектенген, өз басының тыныштығы мен бақытын осы мақсатта құрбан еткен, ғажайып ғалым әл-Фарабидің өшпес өнегесін айту әрі ауыр, әрі құрметті міндет еді. Бір халықтың емес, барша халықтың алдына білім шырағын жаққан, артына таусылмас мол рухани байлық қалдырған әл-Фарабидің жарқын тұлғасы романда үлгі аларлық болып шыққан. «Ұстаздың оралуы» романанда керемет бір идея бар. Ол — әл Фарабидің араб жұртына тек үйрену үшін емес, түркі әлемін, қыпшақ өркениетін таныту үшін жол тартқаны.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов (1897 – 1961)
қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).
Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Шыққан руы қожа. Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, атасы Әуез де Абай аулымен іргелес отыратын, құдалы, дос-жар адамдар еді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.
Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек»пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов құрметіне шығарылған марка Ресейдегі саяси төңкерістер Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 1917 жылы 10 наурызда «Алаш» газетінде басылды. 1918 жылы 5-13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов жазушы Жүсіпбек Аймауытовпен бірлесіп, Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға қатысады. 1919 жылы семинарияны бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. 1919 жылы желтоқсанның төртінде Семейде большевиктер билігі орнап, Әуезов Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 жылы қараша айында Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің (ОАК) төралқа мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады. Сол жылы «Қорғансыздың күні» әңгімесі «Қызыл Қазақстан» журналының №3-4 сандарында жарияланды. 1922 жылы күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне тыңдаушы болып оқуға түседі әрі «Шолпан» және «Сана» журналдарына жұмысқа орналасады. Осы басылымдарда «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі» («Сөніп-жану») әңгімелері жарияланады. 1923 жылы маусым айында Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға ауысады. 1924-1925 жылы Семейдегі мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылды. Сонда жүріп «Таң» журналын шығарады. Онда «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» әңгімелері жарияланды. 1925 жылы Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. 1926 жылы жаз айында Семейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның материалдары негізінде жазылған «Әдебиет тарихы» монографиясы 1927 жылы кітап болып шығады. 1927 жылы жазда Жетісу өңіріне сапармен келіп, Ілияс Жансүгіровпен бірге болашақ шығармаларына материал жинайды. Ленинградқа қайтып оралысымен, осы материалдар негізінде «Қараш-Қараш оқиғасы» повесін, «Қилы заман» романын, «Хан Кене» пьесасын жазады. 1928 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды әрі Қазақ ағарту институтында сабақ берді.
Алаш қозғалысының көсемдерімен бірге 1930 жылы 16 қыркүйекте тұтқындалып, 1932 жылы сәуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Дегенмен, маусым айында түрмеден босатылып, Қазақ педагогика институтының (ҚазПИ-дің) аға оқытушысы болып қызмет істейді. Осы жылдары театр, драматургия, мәдениет пен өнер, әдебиет, фольклор тарихы, орыс әдебиетінің классиктері туралы мақалалары үзбей жарияланып тұрады. Әуезов сценарийі бойынша «Райхан» көркем фильмі (1940) түсіріледі. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысады. Осы жылдары «Абай» романын жазуға кірісіп, оны 1941 жылы бітіреді. «Абай» романының жарық көруі (1942) Қазақстанның мәдени өміріндегі ерекше оқиға болды. 1943 жылы «Абай» романын талқылау үлкен науқанға айналады. 1946 жылы романның екінші кітабын жазып бітіріп, ол 1947 жылы жарық көреді. 1950 жылы роман-эпопеяның «Ақын аға» аталатын үшінші кітабы жарық көреді. 1943 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақтың мемлекеттік университетінің (ҚазМУ-дің) қазақ әдебиеті кафедрасына профессор болып орналасып, өмірінің соңына дейін сонда дәріс оқыды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында «Сын сағатта» (1941), «Намыс гвардиясы» (жазушы Әлжаппар Әбішевпен бірігіп, 1942), «Қынаптан қылыш» (1945) пьесалары мен «Абай» операсының либреттосын (1944), «Абай әндері» фильмінің сценарийін (1945) жазады. 1946 жылы Қазақстан Ғылым академиясы құрылғанда, оның толық мүшесі (академик, №1 куәлік) болып сайланады, филология ғылымдарының докторы, профессор атағы берілді.
1951-1954 жылдары Әуезов саяси-идеологиялық тұрғыдан тағы да қыспаққа алынып, 1953 жылы сәуір айында Мәскеуге жасырын аттанып кетуге мәжбүр болады. Мәскеу мемлекеттік университетінде профессор болып орналасып, «КСРО халықтары әдебиетінің тарихы» деген арнайы курс бойынша дәріс берді. 1954 жылы Алматығақайтып оралып, «Абай жолы» роман-эпопеясын түпкілікті аяқтады.
1955 жылы шет елге сапарға шығып, Германия Демократиялық Республикасы (ГДР) жазушыларының Берлинде өткен съезіне құрметті қонақ ретінде қатысты. Үндістанға 40 күндік сапармен барып қайтады. 1956 жылы КСРО мәдениет қайраткерлері өкілдерінің қатарында Чехословакияда болды. Жазушының 60 жасқа толу мерейтойы Алматыда, Мәскеуде салтанатпен атап өтіледі. Атом және сутек бомбасын сынауға қарсы халықаралық қозғалыстың Жапонияда өткен 3-конференциясына қатысады. 1958 жылы Ташкентте өткен Азия және Африка елдері жазушыларының 1-конференциясын ұйымдастырушылардың бірі болды. 1960 жылы АҚШ-қа барып қайтып, 1961 жылы Үндістанға екінші рет сапар шегеді. 1955-1957 жылы алты томдық таңдамалы шығармалары басылып шығады.
Әуезовтің мұраcының аса қомақты бөлігі – оның ғылыми зерттеулері. Ол қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялық-проблемалық мәселелері жөнінде іргелі еңбектер жазды. Қоғам және мемлекет қайраткері ретінде Әуезов жиырмадан астам шет елдерде болып, адамзат қоғамының дамуы, рухани ынтымақтастық үшін өз көзқарасын білдірді. Әлем халықтары оның «Абай жолы» роман-эпопеясын айрықша құбылыс ретінде таныды. 1961 жылдың жиырма жетінші маусымында Мәскеу қаласындағы ауруханада қайтыс болды; Алматы қаласында жерленген. Сол жылы Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтына оның есімі берілді, одан кейін жазушы тұрған үйде мұражай-үйі (1963) ашылып, ескерткіштер орнатылды. Қазақ академиялық драма театры, Алматы, Астана, Семей және басқа қалалар мен облыстардағы аудан, ауыл, көше, мектептер Әуезов есімімен аталады. Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толуы ЮНЕСКО-ның шешімімен, дүниежүзілік деңгейде (1997) аталып өтті.
М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы
Қазақ халқының мәдени даму тарихында жазушы, драмашы, публицист, зерттеуші, аудармашы әрі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің алатын орны ерекше. М. Әуезов — ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің, батыс пен шығыс көркем сөз мұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп, қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің реалистік сапасын арттыруға, әдеби тілді байытуға ересен еңбек сіңірген ұлы жазушы.
«Эпопея» — грек тіліне аударғанда — жарату, тудыру, жазу деген ұғымға сай келеді. Эпопея екі түрге бөлінеді: бірі – көне тарихи дәуірдің типтік оқиғаларын кең көлемде баяндайтын поэзиялық немесе прозалық шығармалар оларға «Шаһнама», «Манас» т.б. жатса, екінші — кейінгі дәуірдің еншісіндегі тарихи кезеңді жан-жақты суреттейтін роман жанрында кездесетін еңбектер. Оған қазақ әдебиеті тарихында М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын атауға болады. Жазушы өзінің осы еңбегінде қазақ халқының тілі мен ділін, өнері мен мәдениетін, тарихи болмысы мен дүние танымы, әдеп-ғұрпы мен ұлттық дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен.
М. Әуезов 1929-1939 жылдары қуғын-сүргіннің тауқыметін тарта жүріп, өз өмірінің басты кітабы – «Абай жолы» эпопеясына аса ыждаһаттылықпен дайындалды. Абай шығармаларының екі томдық толық жинағын шығарды, ақын туралы деректерді жинастырды, оның өмірбаяндық, шығармашылык жолын ғылыми тұрғыдан ізге түсірді. Әлем әдебиетінің түрлі жанрдағы үздік шығармаларын аударып, ғылыми жұмыспен шүғылданды. Болашақ эпопеяның алғашқы тарауы «Татьянаның қырдағы әні» деген атпен жарияланды. Осыдан бастап М. Әуезовтің қалған өмірі тек Абай бейнесін көркем бейнелеуге арналды. Бұл оның табиғи талантының барынша ашылып, дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне жол салды.
М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясын 1942 жылы 1-кітабын, 1947 жылы 2-кітабын, 1952 жылы 3-кітабын, 1956 жылы 4-кітабын жарыққа шығарды. Алғашқы екі кітабы үшін авторға 1949 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Төрт томдық роман-эпопеясы үшін 1959 жылы кеңес кезіндегі ең жоғарғы сыйлық Лениндік сыйлықпен марапатталады.
Ол табиғаттың, тағдырдың, ақыл-зейіннің, түйсіктің, өмірлік және көркемдік тәжірибенің барлық құдірет-күшін «Абай жолына» сарқа пайдаланды. Бұл эпопея арқылы халықтың тарихи зердесін қалпына келтіріп, көшпелі жұрттың тіршілігін жадында жаңғыртты. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы әлем әдебиетінің аса көрнекті шығармасы. Әйгілі романның идеялық-көркемдік биік жетістігін дүние жүзінің әдебиет, өнер қайраткері жоғары бағалады. Орыс жазушысы К. Федин «Ұлт туралы толық, тұтас түсінікті жазушының өнері береді. М. Әуезов өзінің «Абайымен» менің қазақ халқы туралы түсінігімді толықгырды, мен енді ғана хош иісті самал ескен даланың жұпар ауасын жұтып, қазақ боп кеткен тәріздімін», — деп жазды.
«Абай жолы» бір ұлтты әлемге танытудың кепілдігіне жіберілген рухани елші міндетін атқарды. Француздың кемел кемеңгері Луи Арагон: «Мен оның шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды үлкен абырой санаймын. Эпикалық роман «Абай» менің ойымша, «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. Бұл шығарма кеңес әдебиеті туындыларының маңдай легінен орын алады деу аздық қылады, әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарма табу қиын» деп бағалады. Бүл барлық шетел жазушыларының ортақ пікірі еді. Бұл пікірлер роман қазақ әдебиетінің зор жетістігі болғанын дәлелдейді. Сондай-ақ, М. Әуезов те ұлы ақын Абай өмірі мен шығармашылығын кең де кемел зерттеген, роман жазарда мол дайындық жасаған.
Эпопеяның тағдыры 1943 жылы талқыға түсті. Басты қарауылға Құнанбай образы ілікті. Шабуылға шығушылар романда «трагедия, драма жоқ»; «таптық тартыс жоқ», «шығарма ешқандай үлгіге сай келмейді», «феодалдық роман», «кедей кейіпкер жоқ», «рушылдықты қоздырады», «Құнанбай — солардың көсемі» деп баға берді.
Әділдік айтып, шындыққа иландырған төрелікті Ғ. Мүсірепов айтты. Ол: «байларды қойдай қу қамшымен» сарынына еріп, біз арғы кезде бардың бәрін теріске сайып, безіп келдік. Халық шығармаларын жауып тастап, Абайдың өзін көп қатын алған феодал, аға сұлтан Құнанбайдың баласы деп маңымызға жақындатпадық. Ал, Мұхтардың «Абай» романы — әрі бүгінгі тілектен туған, әлі күнге дейінгі бұл жөніндегі қатемізді түзеп берген бірінші еңбек», — деп кесіп айтты.
Бұл айтыс 10 жылға, эпопеяның жазылу мерзімі 20 жылға созылды. 1953 жылы тамыздың 11 күні жазушылардың «Абай» романын талқылау туралы мәжілісі өтті. Баяндаманы Т. Ахтанов, Т. Әлімқұлов жасады. Бүл ең соңғы талқы болды. Әр қилы бағыт болса да әдебиет қорындағы елеулі шығарма деп бағаланды. Бұл жазушы үшін де, казақ ұлтының рухани мәдениеті үшін де үлкен жеңіс болды.
«Абай жолы» 1-кітабының басында қаладан аулына асығып келе жатқан бала шәкірт пен 4-кітаптың аяғында жарық дүниеден өтіп бара жатқан ұлы ақынның екі арадағы қырық бес жыл Абайдың адам, азамат, ақын ретінде жаңаруымен қоғам қайраткері ретінде де көрінеді. 1-кітапта Абай азамат ретінде қалыптасады. 2-кітаптан бастап Абай өнер адамы – шын мәніндегі азамат ақын болып көрінеді. Абай ақындығының арғы жағы өзінің туған топырағындағы төл халықтық әдебиеті ертегімен өсірген Зере, жырмен аузына түкірген Барлас, Байкөкше, ақын Шөже, медет берген Шығыстың жеті жұлдызы, орыс достарымен қатар классиктері эпопеяда Абайға рухани серік болады. Абайдың өмір жолын, шығармашылық өнерінің өзгешелігін, қыр-сырларын, сол дәуірді, сол ортаны қоғамдық қарым-қатынастарды терең түсініу үшін М. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының баға жетпес танымдық мәні бар, ұлт руханиятының көш басына шықты.
Роман-эпопеяның тек қазақ әдебиетінің тарихында ғана орын алмай бүкіл дүние жүзінде бағаланғанын бүгінде көз көрді. Әлемдік деңгейде берілген баға шын мәнінде «ХХ ғасырдың ең үздік шығармаларының бірі» (француз жазушысы Луи Арагон). «Бұл тамаша эпопея бізге тұтас бір әлемді сыйға тартты» (орыс жазушысы Н.Тихонов), «Өзім қалай қазақ болып кеткенімді білмей қалдым» (орыс жазушысы К.А.Федин), «Шынында, бұл қазақтар – неткен ғажайып халық!» деп тамсаныпты бір кемеңгер, «Абайдай шығарма бұл тұсқа дейін қазақ әдебиетінде болған емес» (Ғ.Мүсірепов), «Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін екі түрлі асылым бар: бірі — «Манас», бірі — Мұхтар Әуезов» (Қырғыз жазушысы Ш.Айтматов) Шыңғыс Айтматовтың: «Мен мұны қазақ халқының жалпы адамзаттық көркем ой парасатының маржанына қосқан тікелей үлесі деп бағалаймын. «Абай» эпопеясы — бұл біздің көркемдік және әлеуметтік энциклопедиямыз, ол біздің ортақ мандатымыз… қымбат қазынамыздың көркемдік және адамгершілік байлығымыздың, өзіміздің көшпелі мәдениетімізді, өзіміздің ұлы поэтикалық сөзімізді игеру жолындағы қол жеткен игіліктері үшін берген ортақ есебіміз… Дүниеде қазақ тілі мен қазақ елі барда — М. Әуезов есімі де дәлел болады», — деп бағалады.
Қазақтың ұлы ғалымы Қ.Сәтбаев әйгілі роман-эпопеяны жарты ғасырлық «қазақ өмірінің энциклопедиясы» деп бағалады. Бұл бағада үлкен пікір түйіні бар. Мұнда, біріншіден, романда мезгіл жөнінен Абай өміріне байланысты жарты ғасыр қамтылатыны ескерілсе, екіншіден, Абай өмірімен қатар, жарты ғасыр бойындағы тұтас қазақ өмірінің суреті жасалғандығы түйілген. Ұлы реалистік шығарманың әрі дүние танытқыш, әрі эстетикалық қасиеті оны халық өмірінің энциклопедиясы деп тануға толық право береді. Бір кездері «Евгений Онегин» романын В. Белинский орыс өмірінің энциклопедиясы десе, Лев Толстой творчествосын В.И. Ленин «Орыс революциясының айнасы» деп бағалады.
Әлемнің 116 тіліне аударылған М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын 200 томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» сериясында 134-135 том болып тұр. Бір ғана мысал Мәскеу мен Санкт-Петербургтің өзінде «Абай жолы» роман-эпопеясы 17 рет басылып жарық көріпті.
«Абай жолы» қазақ өмірінің айнасы, ол төрт том арқылы бүкіл дүние жүзіне қазақтың кім екенін танытты. Заңғар жазушы әрбір қазақтың бойында ұлттық мақтаныш сезімін оятады, туған жерге, ана тілімізге деген құштарлықты, отансүйгіштік сезімін оятып, елдің ертеңгі күніне сенімімізді арттырады.
М. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясында өнер адамдарын жаңа қырынан тану бүгінгі күннің талабы болса, кітапта көрсетілгендей Қашқынбай аты – Қамысбай, Шәкәрім аты – Шұбар, Сабырбай аты – Қадырбай, Жанақ аты – Садақ, Дулат аты – Барлас, Түбек аты – Шүмек болып кездесетін протиптерінің есімдері өзгеріп берілген. Өз есімімен елге белгілі тұлғалар ақын Шөже, Біржан сал, Байкөкше Балғынбайұлы сияқты ақын-жыршылардың қазақ әдебиеті тарихындағы орындарын біздің дәріс сабағымызда саралап өтеміз. Олардың да «Абай жолында» көркем бейнелерін суреттелуі шынайы өмірдегі бейнелерімен зерттелді деп айта алмаймыз. Өйткені, автордың дәуірі ұлт әдебиетінің екі бүйірінен қысып тұрған заман еді. Мәселен роман-эпопеяда кездесетін Шұбар бейнесінің өмірдегі сом тұлғасы данышпан ақын Шәкәрім екенін автор жақсы білді, бірақ империяның тезіне салған қазақтың біртуар ұлы Шәкәрімді Шұбар есімімен жұтаң бейнемен суреттеді, оның түпкі себебін дәйекті түрде айқындап түсіндіру біздің міндетіміз. Сонымен қатар Құнанбайдың жаңаша бейнесін яғни елге еткен еңбегін шынайы дерек көздері арқылы жан-жақты қарастыру бүгінгі күннің талабы.
Эпопеяның әр кітабында Абай өмірінің әр кезеңі бейнеленген. Кітаптан кітапқа өсіп отыратын Абайдың тұлғасы мен характері оның жасына, тәрбиесіне, арманына лайық өзіндік ерекшеліктерімен бейнеленген. Эпопеядағы орталық тұлға типтік характер — Абай. Ол бүкіл бір халықтың рухани адамшылық келбетін елестете алатын бейне. Абай сөзі мен ісі соншалық нақты, әрбір әрекетіне нандыратын тұлға, заман мен халық қамын терең толғайтын үлкен ойшыл, ұлы ақын сипатында көрінеді. Абайдың көркем бейнесін жасауға ақынның өз өлендерінің көп көмегі тигенін жазушы ризашылықпен еске алады. Суреткер Әуезов ұлы ақынның шығармаларын туғызған жағдай мен себептер табиғатына терең бойлау арқылы оның өмір жолына қанығады. Абай халық қиялында қаншалық биік сатыда тұрса, роман оның көркем бейнесін соншалық жоғары деңгейде көрсетеді.
«Абай жолы» эпопеясын жазу тәжірибесін баяндаған мақаласында жазушы ескіліктің қырағы қорғаушысы Құнанбайды, жаңалық пен жақсылықтың, әділдік пен адамшылықтың күрескері Абайды орталық қаһармандар дейді. Дәуірлеп тұрған сол каһарлы Құнанбайлар мен Абай және оның серіктерінің арасындағы тартыс әке мен баланың арасындағы жай бір түсініспестік емес кең мағынасындағы заманалық шайқас, ескі мен жаңаның куресі.
Эпопеядағы типтік бейнелер Құнанбай мен Абай екі дәуірдің кейіпкерлері арасындағы қарама-қайшылықтар қоғамдық кезеңнің орын алмасуы және олардың бірін-бірі жоққа шығарып ескіні жаңа жеңіп отыратын пәлсапалық заңдылыққа М. Әуезовтың сүйенуі шартты. Заңғар жазушының айтуы бойынша «…қазақ даласында күні өтіп бара жатқан, бірақ тамыры әлі де тереңдегі ескіні Құнанбай образына жинақтадым. Ал, оның баласы Абай бойында енді туып келе жатқан жаңа бар. Сондықтан, ақын Абайдың қалыптасуын көрсету арқылы үлкен қоғамдық шындықты – ескі мен жаңаның диалектикалық қарама-қарсылығын, күрес нәтижесінде ескіні жаңа жеңуін ашуға тиіс болдым». Мұның барлығы қазақ халқының ұлы ойшылы Абай айналасына топтап өмір шындығына терең бойлайды. ХІХ ғасырдағы қазақ халқының қоғам өзгерістерін жаңа мен ескінің күресін бүгінгі заманның мүдделерімен үйлестіріп бере білген жазушы. Автор Құнанбайды жөн-жосықсыз қараламай, Абайды асқақтата дәріптемейді қоғамның даму сатысымен ескі мен жаңаның ара жігін ашып жаңаша сипат беруді мақсат тұтқан.
Құнанбай бейнесінің шығармада бейнеленуі өмірде болған Құнанбайға қарағанда тоталитарлық жүйенің қалыпымен ұнамды тұстары кемшін кездеседі. Мәселен, Құнанбайдың Қодар мен Қамқаға байланысты үкімін дұрыс емес деп келгеніміз рас. Жорға Жұмабайды Семейге екі түрлі себеппен жіберіп еді, соның бірі мешіт-медреседен Қодар мен Қамқа «ісіне» Шариғат не бұйырады сұратты. Өлім жазасы! Құнанбай үкімді орындаушы ғана. Ол жеке басқа табынған жоқ ат аяғы жетер жердегі қырық рулы қаймана қазақты жинады. Бүгінгі тәуелсіз ұғым таразысына салар болсақ, ата мен келіннің арасындағы байланыс ел арасына өсек күйінде тарқады. Құнанбай дәл өсек күйінде қалдыра салуына да болар еді, жоқ олай етпеді, өйткені, қазақ дәстүрінде жоқ салтты өскелең ұрпақтың санасынан Қодар мен Қамқаны өлтіру арқылы бүтіндей шығарып тастады. Осы бір ғана көріністен Құнанбайды – ақыл иесі, ойшыл, көреген, дала философы, ұлт жанашыры, қайсар, тапқыр, ел басшысы екендігі өзінен өзі айқындала түседі. Құнанбайдың екінші бір ерекшелігі бес парыздың бірі қажылыққа барып өз қаражатына Меккеде ғибадат орны деп мұсылмандар аялдайтын орын салдыруы көп нәрсені аңғартса керек. Өйткені, Әлемдегі мұсылман қауым бұл тәкияны кім салдырған деген сұраққа; әрине, Құнанбай. Құнанбай кім? Ол қазақ. Сөйтіп бүкіл мұсылман халқына қазақты таныстырып кеткен жоқ па. Бұл әрекетті елінің жанашыры, халқын шексіз сүйетіндігінің белгісі деп ұққанымыз жөн.
Бұл кітапта Абай үлкен әлеуметтік тартысы мол оқиғалардың бел ортасында жүреді. Барлық іс-әрекетінен, сөзінен, ойларынан «Абай осылай болуы керек» дерліктей қасиет танытады. «Абай жолы» романында суреттелген тарихи шындық XIX ғасырдың ақырғы шеніндегі 20-30 жыл уақытты қамтиды. Бұл қазақ тарихындағы өте бір маңызды дәуір. Сонымен бірге ол Абайдың ақындық творчествосының толысқан, туған халқына қамқорлық еткен және қайраткерлік қызметімен өз отанының болашақ тағдыры үшін көп толғанған ойшылдық қызметінің әбден өріс алып, кемеліне келген кезі.
М. Әуезов Абай образын шындыққа лайық тарихи процеспен, халық өмірімен тығыз байланыста алып суреттейді. Тарихи жағдайды байыптасақ, XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында, өзгеріс, жаңалық аз болған жоқ. М. Әуезов осы өзгерістерді айқын көрсетіп, отаршылдық саясаттың ауыр зардабын, асқындаған қайшылықтарды, әлеуметтік теңсіздікті ел ішіндегі шым-шытырық күресті баса суреттейді. М. Әуезов бейнелеген оқиғалар мен кұбылыстар тарихи процестің даму тенденциясын дәл тауып, халық өмірінің негізгі салаларын қамтиды. «Абай» романында бірыңғай дала көрінісі ауыл көрінісі, ру тартысы, қаймағы бұзылмаған тұрмыс-салт, әдет-ғүрып, қысқасы сол кезеңдегі феодалдық, патриархалдық қоғам суреттеріне көбірек назар аударылса, келесі «Абай жолы» романдарында қала, базар, закон, завод көріністері, ондағы патша өкіметінің чиновниктері, қала байлары, саудагерлері, қолөнершілері, діни адамдар, жұмысшылар, интеллигенция өкілдеріне көбірек назар аударылады. Алғашқы кітаптарда ру тартысы басым болса кейінгі кітаптарда әлеуметтік теңсіздік негізделген күрестер көбірек байқалады, алғашында Абай әкесі Құнанбаймен қарсыласса, кейінгілерде оның ізбасарларымен (Тәкежан, Жиренше, Оразбай), патшашылдармен қарсыласады. Алдыңғы кітаптарда Абай, Дәркембай, Базаралы жатақтармен Михайлов тәрізді бірен-саран жер ауған халықшыл-демократтармен қана пікірлес болса, соңғы кітаптарда Павлов сықылды революционерлермен Сейіттей жүмысшылармен, Әбіш, Дәрмен сықылды жаңашыл жастармен пікірлес болады.
«Абай жолы» халық жолы, халық жолы — Абай жолы. Осындай тамаша бірлікті тарихи шындыққа сай және көркемдік шеберлікпен көрсету М. Әуезовтің ұлы творчестволық жеңісі боп табылады.
Романның басынан аяғына дейін ең алдымен терең ақындық сыр шертіледі, ақындық үн, әуен естіледі, ақындық тыныс, ырғақ естіледі. М. Әуезовтің құдіретті күші ақындық талантының мықтылығы — ол Абайдың ақындық табиғатын жете түсініп, оның ақындық жанының диалектикасын ең нәзік құбылыстарына дейін тауып суреттейді. Абайдың атақты лирикалық және сатиралық өлендерінің қандай жағдайда, қалай туғанын романның сюжеттік желісінде орын тапқан оңды суреттермен образдардан көреміз. Атап айтқанда, «Жалт етпес қара көңілім не қылса да», «Жазды күн шілде болғанда», «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Мәз болады болысың», «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай», «Өлсем орным кара жер сыз болмай ма?» т.б. өлендерінің бәрі Әуезов романындағы қызықты оқиғалармен эпизодтардың сырын түйіп, көптеген психологиялық сарындарға, көркем картиналарға, романның терең лиризміне арқау болды.
Абай образының тағы бір маңызды ерекшелігі — оның интеллект қасиеті. Абай ақындығымен қатар білімді, парасатты философ адам. Ұлы ақынның бұл қабілеті әр қырынан көрінеді. Не нәрсенің терең сырын, мағынасын, себебін түсінуге тырысу, кез-келген істің байыбына барып, топшылап алып іске кірісу, айтыс, талас-тартыстарда логиканы қару ету, халқының қазіргі және болашақ тағдыры туралы шексіз толғану, өз өлеңдерін даналық ой-пікірге негіздеу-ұлы Әуезовтің суреттеуінде Абай образының салмағын, көркін, мән-мағынасын көтерген сипаттар.
Абай тұлғасы — эпопеяның жаны мен жүрегі. «Наташа Ростова — өзім» дейтін Толстой тәрізді Әуезовтің өзі Абайға, Абай өзіне айналып кеткенше бұл бейнені кағаз бетіне түсірмей іштей пісірген. Алғашқы кітапта адам, адамзат ретінде калыптасқан Абай кейінгі кітаптарда ақын, қайраткер қиян-қилы әрекеттерге көшеді. Абай – кең құлашты мол тынысты эпикалық тұлға. Көл-көсір нақты да, затты деталь, ұшан-теңіз психологиялық анализ, сан-сала іс-әрекет асулардың бәрі Абай тұлғасын сомдауға кызмет етеді. Эпопеяның басында Абай өзін қоршаған кіршіксіз сәби сезіммен, күнәсіз бала көзімен қарайды. Абайдың ақындық бітімі, ішкі дүниесі және терең ашылады. Осы тәсілмен эпопея авторы бас кейіпкердің іштей түлеуін, өзгеруі мен өсуін көрсетеді. «Абай» романының — 2 кітабы мына сөздермен аяқталады.
«Алда — өмір, тартыс. Сол тартыста бұл жалғыз… Бір қуаты, бір үміті бар. Қуаты — ақындық, үміті – халық». Ал «Абай жолының» келесі кітабында осынау негізгі идея көркемдік жағынан жан-жақты жинақталады. Түйіндей келгенде Абайдың өмір өткелдерін, әлеуметтік майдандағы әр алуан күрделі істерін нағыз адамдық ықыластарымен, үміт, арманымен, күйініш-сүйінішімен бірлестіре көрсеу арқылы ұлы суреткер Әуезов оның тұлғасын типтік характер дәрежесіне көтерді, ұлы ақын, ойшыл, қоғам қайраткерінің асыл, мәңгі өлмес, өшпес бейнесін жасады, дара, дана образ сомдады.
Әр елдің, әр ұлттың рухын көтеретін данасы мен дарасы болады. Қазақ халқының дарасы да, данасы да Абай. Енді әке мен бала арасындағы рухани байланыстардың көзін аршу міндеті тұр Абай қазақтың бас ақыны. Қазақтың әдебиетіне жан, күш берген, сөздің сыртынан сырлап, ішін түрлеген, ақын, сыншыл, дарын Абай еді. Ой мен сөздің ұштасуы осы болар, оның Мұхтар Әуезовтың «Абай жатқан дария, мен одан шөміштеп алдым»- деп айтады. Абайды танытқан Әуезов, ал Әуезовты танытқан «Абай жолы» роман-эпопеясы.
Абай арқылы өткен ғасырдың екінші жартысындағы және жиырмасыншы ғасырдың басындағы бүкіл қазақ халқының тіршілігін, оның көп бұралаң тағдырын, ой-арманын, мақсат-мүддесін, күрес-тартысын қамтиды. Абай тұлғасын, сол ортаны, Абайдың ақындық, азаматтық тұлғасын, ақындық жолын таныту арқылы Абайтанудың өрістеп дамуына зор ықпалы болды деп айтуға болады.
Қорыта келгенде М.Әуезов романдары өздерінің ғажайып көркемдік қуатымен ұлттық әдебиетіміздің дамуына ерекше әсер етті. Бұл ретте сөз зергері, үлкен жазушы Ғ. Мүсіреповтің төмендегі сөздерін атап көрсетуге болады. «Абай» романдары қазақ-совет прозасының қалыптасуына көмектесумен бірге, шығарма алдына қойылар талап дәрежесін жаңа бір биікке көтерді. Жазушылық өнерден үміті бар жасымыз да, жасамысымыз да «Абайдан» үйрене де, сүйсіне отырамыз», — деп баға берді.
Бұл тек әдебиетшілердің ғана емес, сонымен бүкіл халықтың Абай туралы эпопеяға тұтастай берген бағасы. Өзінің осы тамаша эпопеясы арқылы М. Әуезов ұлы ақынымыз Абайға арнап жоқтық та таңбасын түсіре алмайтын, уақыт та уытын дарыта алмайтын ғажайып көркем ескерткіш жасады. Ақынның қазақ топырағында орнаған бұл ескерткіші оның нұрлы бейнесін бүкіл әлемге паш етті. Сүйікті жазушысы М. О. Әуезовке туған халқы сол үшін дән риза, мәңгілік қарыздар және ғұмыр бойы ұмытпайды.
Әдебиет:
Әуезов, М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы: роман-эпопея. Т. 22: Кіт. 1: Абай жолы / М. Әуезов. — Алматы: Дәуір, 2014. — 423 б.
Әуезов, М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы: роман-эпопея. Т. 23: Кіт. 2: Абай жолы / М. Әуезов. — Алматы: Дәуір, 2014. — 479 б.
Әуезов, М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы: роман-эпопея. Т. 24: Кіт. 3: Абай жолы / М. Әуезов. — Алматы: Дәуір, 2014. — 495 б.
Әуезов, М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы: роман-эпопея. Т. 25: Кіт. 4: Абай жолы / М. Әуезов. — Алматы: Дәуір, 2014. — 542 б.
***
Әуезов, М. О. Абай жолы: роман-эпопея. К. 1: Абай / М. О. Әуезов. — Алматы:
Жеті жарғы, 1997. — 319 б.
Әуезов, М. О. Абай жолы: роман-эпопея. К. 2: Абай / М. О. Әуезов. — Алматы:
Жеті жарғы, 1997. — 350 б.
Әуезов, М. О. Абай жолы: роман-эпопея. К. 3: Абай жолы / М. О. Әуезов. — Алматы: Жеті жарғы, 1997. — 319 б.
Әуезов, М. О. Абай жолы: роман-эпопея. К. 4 / М. О. Әуезов. — Алматы: Жеті
жарғы, 1997. — 335 б.
***
Әуезов М. О. Абай жолы: роман-эпопея. К. 1 / М.О., Әуезов.- Алматы: Жазушы, 2009.- 375 б.- (Қазақтың 100 романы).
Әуезов М. О. Абай жолы: роман-эпопея. К. 2 / М.О., Әуезов.- Алматы: Жазушы, 2009.- 431 б.- (Қазақтың 100 романы).
Әуезов М. О. Абай жолы: роман-эпопея. К. 3 / М.О., Әуезов.- Алматы: Жазушы, 2009.- 383 б.- (Қазақтың 100 романы).
Әуезов М. О. Абай жолы: роман-эпопея. К. 4 / М.О., Әуезов.- Алматы: Жазушы, 2009.- 400 б.- (Қазақтың 100 романы).
***
Әуезов М. О. Абай жолы: роман-эпопея. К. 1 / М.О., Әуезов.- Алматы: Жазушы, 2008.- 375 б.
Әуезов М. О. Абай жолы: роман-эпопея. К. 2 / М.О., Әуезов.- Алматы: Жазушы, 2008.- 431 б.
Әуезов М. О. Абай жолы: роман-эпопея. К. 3 / М.О., Әуезов.- Алматы: Жазушы, 2008.- 383 б.
Әуезов М. О. Абай жолы: роман-эпопея. К. 4 / М.О., Әуезов.- Алматы: Жазушы, 2008.- 400 б.
***
Әуезов, М. «Абай жолының» хрестоматиялық баяны: жалпы білім беретін
Мектептің 9-11 сыныптар оқушыларына арналған оқу құралы / М. Әуезов; дайындаған. Т.
Құрманбаева, С. Дүйсебаев. — Алматы: Мектеп, 2002. — 247 б.
М. Әуезовтің «Абай жолы» романының жиілік сөздігі. — Алматы: Ғылым, 1979. —
334 б.
Бердібаев, Р. Қазақ тарихи романы / Р. Бердібаев. — Алматы: Ғылым, 1979. —
240 б.
Бітібаева, Қ. М. Әуезов туындыларын мектепте оқыту / Қ. Бітібаева. — 2-ші бас. — Алматы: Мектеп, 2003. — 119 б.
Дәдебаев, Ж. Мұхтар Әуезов / Ж. Дәдебаев. — Алматы: Рауан, 1991. — 86 б.-
(Сенің сүйікті жазушың).
Жанпейісов, Е. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі: тарихи
этимологиялық байқаулар, материалдар / Е. Жанпейісов. — Алматы: Ғылым, 1976. — 167 б.
Кемелбаева, А. Сөз хикмет: эсселер, мақалалар, сұхбаттар / А. Кемелбаева. —
Алматы: Дәстүр, 2016. — 383 б.
Мақпырұлы, С. Қазақ әдебиеті: оқулық. 2-бөлім / С. Мақпырұлы, Т. Сыдықов. —
Астана: Фолиант, 2007. — 281 б.
Мәшһүр-Жүсіп Қуандық. Көркем сөздің құдіреті: мектепте қазақ әдебиетін,
тілін оқыту / Қ. Мәшһүр-Жүсіп. — Павлодар, 2000. — 286 б.
***
«Абай жолы» әлемнің әдеби картасына енді: [The Independent атты британдық
басылым әлемнің әдеби картасын жариялады] // Қазақ әдебиеті. — 2017. — 7 — 13 сәуір (№ 13). — 20 б.
Абдықайымов, Қ. «Абай жолы» романынан үзінді: [жазушы М. Әуезовтің «Абай
жолы» романынан алыңған «Біржан сал Абай ауылында» үзіндісіне арналған сабақ] / Қ.
Абдықайымов // Қазақ тілі мен әдебиеті. — 2015. — № 2. — 89 — 92 б.
Ажғожина, М. «Абай жолы» роман-эпопеясындағы амандасу мен қоштасудағы тілдік бірліктер: Қазақ тілі және әдебиеті: тарихы мен теориясы мәселелері / М. Ажғожина // Қазақстан мектебі. — 2011. — № 2. — 61 — 64 б.
Ақтанова, А. Тарихи жад : Шәкәрім мен Мұхтар Әуезов шығармашылығы / А.
Ақтанова // Қазақ тілі мен әдебиеті. — 2010. — № 7. — 77 — 82 б.
Асабаев, З. Әуезовтің Арагонға хаты: [жазушы М. Әуезов пен француз жазушысы
Л. Арагон арасындағы байланыс туралы] / З. Асабаев // Жас Алаш. — 2015.- 10 қыркүйек. — 5 б.
Ахмедгил, А. «Абай жолы» романында қазақ халқының тарихына тіл бітеді: [әзербайжан ақыны, аудармашы А. Ахмедгилмен сұхбат] / сұхбаттасқан М. Райымбекова / А. Ахмедгил // Қазақ әдебиеті. — 2019. — 11 қазан (№ 40). — 21 б.
Әбішева, Ә. «Абай жолы» композициясы мен жыры: [жазушы М. Әуезовтің «Абай
жолы» романына арналған сабақ] / Ә. Әбішева // Қазақ тілі мен әдебиеті. — 2014. — № 6. — 76
— 82 б.
Әдеби марафон басталды: [Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын оқуға арналған әдеби марафон басталды] / «Егемен-
ақпарат» // Egemen Qazaqstan. — 2020. — 15 қаңтар. — 11 б.
Әлмұқанова, Қ. М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайдың азаматтық, ақындық бейнесі / Қ. Әлмұқанова // Қазақ тілі мен әдебиеті. — 2016.- № 8. — 92 — 97 б.
Әмірова, Г. М. Әуезовтің Абай жолы: эпопеясындағы антропонимдердің танымдық сипаты / Г. Әмірова // Мәдени мұра. — 2017. — № 6. — 36 — 43 б.
Әнесұлы, Ж. «Абай жолы» және Данабике: [жазушы, қазақтың тұңғыш
стенографисі Д. Байқадамова туралы] / Ж. Әнесұлы // Ана тілі. — 2013. — 26 желтоқсан — 8
қаңтар (№ 52). — 1, 3 б.
Әуезов, М. Мұхтар Әуезов (1897-1961) қазақтың ұлы жазушысы, әйгілі «Абай
жолы» роман-эпопеясының авторы: Кенесары қолын «намазда шаппаймыз» деп шапқызбапты: [Абайдың әкесі Қ. Өскенбайұлы туралы ғалым, мәдениеттанушы М. Әуезовпен сұхбат] / сұхбаттасқан Ж. Ырысбай / М. Әуезов // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. — 2015. — № 13. — 13 б.
Әуезов, М. «Ол қайталанбас роман»: [жазушы М. О. Әуезов туралы ұлы М. М. Әуезовпен сұхбат] / сұхбаттасқан Ә. Байбол / М. Әуезов // Қазақ әдебиеті. — 2011. — 30
желтоқсан — 6 қаңтар (№ 52). — 7 б.
Әуезов, М. «Ұлы аударма!»: [жазушы, аудармашы А. Ким туралы] / М. Әуезов; жазып алған С. Тоқай // Қазақ әдебиеті. — 2009. — 26 маусым — 2 шілде (№ 29). — 1, 6 б.
Вурал, Х. М. Әуезовтің «Абай жолы» романының түрік тіліне аударылуы / Х. Вурал // Қазақ тілі мен әдебиеті. — 2006. — № 11. — 75 — 82 б.
Дербісәлі, Ә. «Абай» романы мен Абай өлеңдерін араб тіліне аударған: Ирак жазушысы Бурһан әл-Хатыб пен судандық ақын Гили Абд ар-Рахман туралы / Ә. Дербісәлі // Egemen Qazaqstan. — 2019. — 18 маусым. — 9 б.
Досанов, С. Мәңгілік сағыныш: Мұхтар Әуезовтің 120 жылдық мерейтойына орай туған ойлар / С. Досанов // Егемен Қазақстан. — 2017. — 13 қараша. — 9 б.
Елеукенов, Ш. Әдебиет — тәуелсіздік қаруы: Абай романынан туған кейбір
ойлар / Ш. Елеукенов // Қазақ әдебиеті. — 2009. — 14 — 20 тамыз (№ 35). — 1, 5 б.
Елубай, С. Әуезов аманаты: [жазушы М. Әуезовтің романы «Абай жолы» туралы] / С. Елубай // Абай. — 2008. — № 4 (қазан — желтоқсан). — 58 — 63 б.
Елубай, С. Ким — қазақ әдебиетінің жанашыры: [жазушы, аудармашы А. Ким туралы] / С. Елубай // Қазақ әдебиеті. — 2009. — 26 маусым — 2 шілде (№ 29). — 1, 6 б.
Ергөбек, Қ. «Абай» романы жарыққа қалай шыққан?: (Роман-эпопеяның 75 жылдығына) / Қ. Ергөбек // Егемен Қазақстан. — 2018. — 7 ақпан. — 8 б.
Ердембеков, Б. «Абай жолы» эпопеясындағы Абайдың ақын шәкірттері / Б. Ердембеков // Қазақ тілі мен әдебиеті. — 2006. — № 6. — 57 — 62 б.
Жайтикова, Д. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы әйел ана бейнесі: / Д. Жайтикова // Қазақ тілі мен әдебиеті. — 2016. — № 6. — 60 — 62 б.
Жакишева, Ж. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы кейіпкерлер келбеті: [қазақ жазушысы М. Әуезовтің шығармашылығын оқыту] / Ж. Жакишева // Қазақ және әлем әдебиеті / Казахская и мировая литература. — 2011. — № 2 — 3. — 21 — 22 б.
Жұмабеков, К. Замана неткен тар едің..: (М. Әуезовтің «Абай жолы» романының желісімен) / К. Жұмабеков // Театр.kz. — 2017. — № 7. — 72 — 80 б.
Жұртбай, Т. Көркем уақыт және тарихи уақыт: [жазушы М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопесындағы көркемдік кеңістік туралы талдау] / Т. Жұртбай //Жас Алаш. — 2019. – 3 қыркүйек. — 6 б.; Жас Алаш.- 2019.- 10 қыркүйек. — 6 б.
Жүнісбеков, Б. Абайтанудың арқатірегі: М. О. Әуезовтің «Абай жолы» роман- эпопеясы мен «Абай Құнанбаев» монографиялық зерттеуіндегі Абай рухы / Б. Жүнісбеков // Ана тілі. — 2017. — 12 — 18 қазан (№ 41). — 7 б.; //Абай. — 2017. — № 5. — 3 — 10 б.
Жүнісбеков, Б. Абайтанудың арқатірегі: [қазақ жазушысы М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абай образы туралы] / Б. Жүнісбеков // Ақиқат. — 2018. — № 1. — 81 — 87 б.
Жүнісбеков, Б. Құнанбай — Әуезов әлемінің бір шыңы: [қазақ жазушысы М. Әуезовтің шығармашылығы туралы] / Б. Жүнісбеков // Ақиқат. — 2015. — № 9. — 64 — 72 б.
Исламжанова, Ж. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы қазақ әйелдерінің бейнесін таныту: [жазушы М. Әуезовтың «Абай жолы» романындағы әйел бейнесі туралы] / Ж. Исламжанова // Қазақ тілі мен әдебиеті. — 2015. — № 5. — 22 — 26 б.
Кекілбаев, Ә. Әуезов әлемі: [жазушы М. О. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы] / Ә. Кекілбаев // Қазақ әдебиеті. — 2011. — 30 желтоқсан — 6 қаңтар (№ 52). — 1, 5 —
9 б.
Кибар, З. «Абай жолы» барлық тілге қайта аударылса да артықтық етпейді: [түрік аудармашысы, әдебиет жанашыры З. Кибармен «Абай жолының» түрік тіліндегі аудармасы туралы әңгіме] / әңгімелескен М. Асан / З. Кибар // Egemen Qazaqstan. — 2019. — 14 мамыр. — 10 б.
Ким, А. А. «Абай жолы» ұлы роман !»: [жазушы, аудармашы А. Ким М. Әуезовтің «Абай жолы» романы жайлы] / А. А. Ким // Қазақ әдебиеті. — 2009. — 26 маусым — 2 шілде (№ 29). — 1, 6 б.
- Ким А. А. Гомер, Сервантес, Толстой қатарындығы көшпенді өркениеттің көркем шежіресі: [жазушы М. Әуезовтің шығармашылығы туралы] / А. А. Ким // Қазақ әдебиеті. — 2011. — 30 желтоқсан — 6 қаңтар (№ 52). — 5 б.
Конкобаев, К. Түркі әлемінің рухани қазынасы: [Қазақстан Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласынан кейінгі ой] / К. Конкобаев // Egemen Qazaqstan. — 2020. — 16 қаңтар. — 4 б.
Қайназар, Ж. Мұхтар Әуезов. «Ақын қонақтар»: [жазушы М. Әуезовтің «Абай жолы» романынан алыңған «Ақын қонақтар» үзіндісіне арналған сабақ] / Ж. Қайназар // Қазақ тілі мен әдебиеті. — 2013. — № 6. — 64 — 68 б.
Қалиасқарова, А. «Абайдың жұмбағы» мен «Абай жолы» романдарының үндестігі: [жазушы Р. Тоқтаровтың роман-хамсасы «Абайдың жұмбағы» және М. Әуезовтің «Абай жолы» романы туралы әңгіме] / А. Қалиасқарова // Найзатас. — 2015. — № 4. — 187 — 195 б.
Қалиева, С. Абай дана, Абай — дара қазақта: [жазушы М. Әуезовтің «Абай жолы» романына арналған сабақ] / С. Қалиева // Қазақ тілі мен әдебиеті. — 2015. — № 7. — 58 — 74 б.
Қалижан, У. Қазақтану академиясы: [жазушы, аудармашы А. Ким туралы] / У. Қалижан // Егемен Қазақстан. — 2013. — 12 ақпан. — 6 б.
Қалижанов, У. Әуезов әлемі: [жазушы М. Әуезовтың шығармашылығы туралы] / У. Қалижанов // Егемен Қазақстан. — 2012. — 29 қыркүйек. — 7 б.
Қалшабек, А. Әуезов әлемі және Абай: [жазушы М. Әуезовтің «Абай жолы» романы туралы] / А. Қалшабек // Жас Алаш. — 2019. — 31 қазан. — 6 б.
Қаппасқызы, Қ. «Абай жолы» роман-эпопеясындағы аналар: [жазушы М. Әуезовтің «Абай жолы» романына арналған сабақ] / Қ. Қаппасқызы // Қазақ тілі мен әдебиеті. — 2012. — № 2. — 3 — 19 б.
Қасым, А. Шежірелі Шыңғыстау: [ақын Абай Құнанбайұлының туып-өскен жеріндегі тарихи мұралар туралы] / А. Қасым // Егемен Қазақстан. — 2017. — 3 шілде. — 9 б.
Қирабаев, С. Халықтың бір аты — әдебиет: [қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына орай] / С. Қирабаев // Қазақ әдебиеті. — 2015. — 7 — 12 тамыз (№ 30). — 3 б.
Қойгелдинова, Ж. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы жер-су атауларының тілдік-танымдық сипаты / Ж. Қойгелдинова // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс
мектебінде / Казахский язык. — 2016. — № 8. — 50 — 62 б.
Қуанышалин, Ж. Тарихи туындыларын Әуезовтің «Абай жолы» романымен қатар қоюға болады: [қазақ жазушысы І. Есенберлин туралы] / Ж. Қуанышалин // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. — 2015. — № 16. — 36 б.
Құлбарақ, С. М. Әуезов дәстүрі және З. Шүкіровтің «Сыр бойы» тарихи романы / С. Құлбарақ // Керуен. — 2016. — № 6. — 61 — 67 б.
Құрманғалиқызы, Ә. Әуезов стиліндегі кейбір көркемдік тәсілдер / Ә. Құрманғалиқызы // Жас Алаш. — 2020. — 14 қаңтар. — 6 б.
Майтанов, Б. «Абай жолы» және тәуелсіздік рухы: [жазушы М. Әуезовтің шығармашылығы туралы] / Б. Майтанов // Ақиқат. — 2011. — № 3, 5-7.
Майтанов, Б. Абай өмірі — диалог: [«Абай жолы » романы туралы] / Б. Майтанов // Ақиқат. — 2010. — № 2. — 65 — 70 б.
Мейірбекова, Э. А. «Абай жолы» романына қатысты жазылған хаттар топтамасы: [жазушы М. Әуезовтің «Абай жолы» романы туралы] / Э. А. Мейірбекова // Керуен. — 2014. — № 3. — 19 — 25 б.
Молдаханов, Ә. «Абай жолы» романындағы тұрмыс-салт жырлары: [жазушы М.
Әуезовтің романы «Абай жолы» туралы] / Ә. Молдаханов // Абай. — 2015. — № 5. — 9 — 16 б.
Молдаханов, Ә. «Абай жолы» романындағы шешендік сөздер: [қазақ жазушысы М. Әуезовтің шығармашылығы туралы] / Ә. Молдаханов // Абай. — 2011. — № 3. — 41 — 45 б.
Мұхаметжанова, Д. «Абай Жолы» роман-эпопеясындағы Мұқа бейнесі / Д. Мұхаметжанова // Қазақ тілі мен әдебиеті. — 2006. — № 1. — 112 — 118 б.
Нұрғалиева, Т. «Абай жолы» романы бойынша өткізілген «Абай ізімен» атты танымдылық білім сайысы / Т. Нұрғалиева // Қазақ тілі мен әдебиеті. — 2006. — № 9. — 115 — 120 б.
Огрызко, В. Парасат пен ғарасат: [қазақ жазушысы М. Әуезовтің шығармашылығы
туралы] / В. Огрызко; аударған А. Нысаналин // Ana tili. — 2018. — 15 — 21 қараша (№ 47). — 1, 6 б. Жалғасы келесі санда.
Омаров, А. Абайтанушы: [абайтанушы-ғалым, филолог Ә. Жиреншин туралы] / А.
Омаров // Егемен Қазақстан. — 2013. — 11 сәуір. — 5 б.
Орынбетова, Э. «Абай жолындағы» лингвомәдени атаулар: [«Абай жолы» романындағы лингвомәдени атаулар] / Э. Орынбетова // Ana tili. — 2018. — 7 — 15 наурыз (№
10). — 5 б.
Рахманова, С. «Абай жолы» эпопеясындағы Әбіш және Мағаш бейнелері: [Ұлы Абайдың ақын ұлдары туралы] / С. Рахманова // Қазақстан мектебі. — 2010. — № 8. — 7 -76 б.
Сейіл, А. Қазақты әлемге танытқан: «Абай» романының жарыққа шыққанына — 75
жыл / А. Сейіл // Сарыарқа самалы. — 2017. — 17 тамыз. — 6 б.
Сманов, Б. «Абай жолы» романындағы діни адамдар бейнесі: [жазушы М. Әуезовтің «Абай жолы» романы туралы] / Б. Сманов // Қазақ тілі мен әдебиеті. — 2010. — № 1. — 135 — 143 б.
Төлеген, Т. Қазақтың қасиетті қазынасы: [Ұлттық академиялық кітапханасында М. Әуезовтің «Абай жолы» романының жарық көргеніне 75 жыл толуына арналған «Бір кітап» көрмесі өтті] / Т. Төлеген // Айқын. — 2017. — 16 тамыз. — 4 б.
Хасан, С. Ш. Елеукенов : «Абай жолының» қалай жазылғандығын ұлы Әуезовтің өз аузынан естідім: [«Абай жолы » романың тарихы] / С. Хасан // Ақиқат. — 2010. — № 1. – 49 — 57 б.
Чернова, Н. «Зердесі зерек — сөз зергері»: [жазушы, аудармашы А. Ким туралы] / Н. Чернова // Қазақ әдебиеті. — 2009. — 26 маусым — 2 шілде (№ 29). — 1, 6 б.
Ізтулина, Э. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романындағы үйлену, қыз ұзатуға байланысты салт-дәстүрлер: [жазушы М. Әуезовтің «Абай жолы» романы] / Э. Ізтулина
// Ұлағат. — 2015. — № 6. — 3 — 6 б.
Әлімжанов Әнуар Тұрлыбекұлы (1930 — 1993)
1930 жылы 12 мамырда бұрынғы Талдықорған облысы, Сарқанд ауданындағы Қарлығаш ауылында туған. Алдымен шешеден, 1941 жылы әкеден жетім қалған ол интернатта, балалар үйінде тәрбиеленіп, білім алған.
1949 жылы Лепсі педагогика училищесін, 1954 жылы Қазақтың мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Шығармаларын орыс тілінде жазады. Оның алғашқы әңгімелері, очерктері, публицистикалық мақалалары 1952 жылы жариялана бастады. Әнуар Әлімжановтың тақырыбы алуан салалы: қазақ халқының өткен дәуірдегі мүшкіл халі, бүгінгі гүлденген Қазақстан, социализмнің белсенді құрылысшылары, жаңа совет адамдары, халықтар достығы, Азия, Африка елдерінің ұлт азаттығы жолындағы жан қиярлық күресі т.б. Әнуар Әлімжановтың тарихи тақырыпқа жазған шығармаларының идеялық мазмұны бүгінгі күннің талап-тілегімен үндес.
1955 жылы наурыз айынан бастап «Литературная газетаның» Қазақстан бойынша меншікті тілшісі, кейінірек «Ленинская смена» газеті редакторының орынбасары, Қазақстан және Қырғызстан республикалары бойынша «Правда» газетінің тілшісі, «Қазақфильм» студиясының Бас редакторы, «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, республикалық тарихи ескерткіштер мен мәдениетті қорғау жөніндегі Қазақ қоғамы Орталық кеңесі президиумының төрағасы, КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.
Жазушы Азия және Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі комитеттің, Африка халықтарымен достықтың Қазақ Ассоциациясы Президиумының, Африка халықтарымен достықтың Ассоциациясы Басқармасының мүшесі, Қазақ КСР және КСРО Жоғарғы Кеңестерінің депутаты болды.
Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының, Халықаралық Дж. Неру атындағы сыйлықтың лауреаты. «Құрмет Белгісі», Халықтар Достығы ордендерімен марапатталған. Қазақстанның Халық жазушысы.
Шығармалары: «Ақ дос, сары дос, қара дос» (1958), «Достар кездескенде»(1959), «Мəңгілік тамырлар» (1960), «Сумен, құрлықпен елу мың миль» (1962), «Күнге бет алған керуен» (1963), «Көгілдір таулар» (1964,1967),»Жалындаған тұрған найза» (1965), «Отырар ескерткіші» (1966), «Махамбеттің жебесі» (1969,1972, 1987), «Жəмшид айнасы» (1970), «Қарасұңқар көпірі» (1969), «Жаушы» (1974), «Ұстаздың оралуы» (1978. 1981), «Адамдар жолы» (1984), т.б. кітаптары жарық көрген. Екі томдық «Таңдамалы шығармалары» (1979), үш томдық шығармалары (1989-1990) жарияланды.
Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы
Әнуар Әлімжановтың өмір жолы — күрес жолы. Ол ешкімге бас ұрмай, тек әділдікке, ақиқатқа табынып өтті. Оның жазушылық, азаматтық позициясы да осы принциптерден өріліп шықты. Ол тек қаламгер ғана емес, саяси қайраткер болды.
«Ұстаздың оралуы» романында Ә. Әлімжанов сонау X ғасырда өмір кешкен кемеңгер жерлес ғалымымыз, кезінде «Шығыстың екінші ұстазы» атанған Әбунасыр әл-Фарабидің ғибратты өмірін сөз етеді. Адамдықтың, жақсылықтың мәңгілік жауы — надандық тұманын сейілту үшін, жамағатшылыққа ең адал, таза даму, көркею жолын іздеп, ақиқатпен, біліммен қаруландыру үшін өмір бойы еңбектенген, өз басының тыныштығы мен бақытын осы мақсатта құрбан еткен, ғажайып ғалым әл-Фарабидің өшпес өнегесін айту әрі ауыр, әрі құрметті міндет еді. Бір халықтың емес, барша халықтың алдына білім шырағын жаққан, артына таусылмас мол рухани байлық қалдырған әл-Фарабидің жарқын тұлғасы романда үлгі аларлық болып шыққан. «Ұстаздың оралуы» романанда керемет бір идея бар. Ол — әл Фарабидің араб жұртына тек үйрену үшін емес, түркі әлемін, қыпшақ өркениетін таныту үшін жол тартқаны.
«Ұстаздың оралуы» өзінің тақырыбы, жанры және идеялық көркемдік шешімдері жағынан бүкіл кеңес әдебиетіндегі салдарлы туындылар легіне қосылады. Қазақ елінің өткендегі тағдыры, шытырман жолы, қуаныштары мен өкініштері басты тақырыпқа айналған. Туған елдің өткендегі бұралаң жолдарын бүкіл аумағымен алып көрсету, ол кұбылыстарды әлемдік даму зандылықтары мұнарасынан қарап бағалау қаламгерге мол творчестволық еркіндік, шабытына ұшқыр қанат, мақсатына мәнділік берген. Мұның бәрі оның қазақ әдебиетінде ешкімге ұқсамайтын, өзіне ғана тән дара да сара соқпақ табуына, әрбір шығармасында отандастар ойын нәрлендірерлік тың шешім іздеуіне жәрдемдеседі.
Әдебиет:
Әлімжанов, Ә. Ұстаздың оралуы. Жаушы. Махамбеттің жебесі: романдар / Ә. Әлімжанов; орыс. ауд. С. Мұратбеков пен Т. Жанұзақов. — Алматы: Жазушы, 1981. — 543 б.
***
Әлімжанов, Ә. Атом күліне көміліп қалмайық!: [жазушы Ә. Әлімжановтың туғанына 80 жыл] / Ә. Әлімжанов, Ғ. Қабышұлы // Егемен Қазақстан. — 2010. — 18 мамыр. — 5 б.
Әлімжанов, Ә. «Әдебиет — рухани шипагер»: (Американың «New word. Review» («Жаңа өмір. Шолу») журналында 1977 жылы (№ 5) жарияланған сұхбат / Ә. Әлімжанов;
аударған Ғ. Қабышев // Қазақ әдебиеті. — 2015. — 22 — 28 мамыр (№ 20). — 9 б.
Баянбай Қ. Алтын тостаған: [жазушы Ә. Әлімжанов жайлы] / Қ. Баянбай // Қазақ әдебиеті. — 2010. — 13 — 19 тамыз (№ 31). — 9 б.
Бейісқұлов, Т. Әнуар Әлімжанов туралы бірер сөз..: [жазушы Ә. Әлімжанов жайлы] / Т. Бейісқұлов // Жұлдыз. — 2010. — № 8. — 152 — 158 б.
Ел намысын ту еткен тұлға: [жазушы Ә. Әлімжанов туралы әр жылдарда айтылған пікірлер] // Жас Алаш. — 2012. — 28 маусым. — 1, 5 б.
Жақсыбаев, А. Жүрегі жылы жан: [жазушы Әнуар Әлімжанов туралы] / А. Жақсыбаев // Егемен Қазақстан. — 2005. — 27 сәуір. — 8 б.
Жанахметова, Ғ. Ж. Қазақтан шыққан тұнғыш халықаралық тілші: [тұңғыш халықаралық тілші Әнуар Әлімжанов туралы] / Ғ. Ж. Жанахметова // Электрондық мектеп / Электронная школа. — 2017. — № 1. — 39 б.
Жұмагелдіқызы, А. Тарихты зерттеуге басқаша көзқараспен кіріскен — Мұхтар Мағауин, Әнуар Әлімжанов: [жазушылар М. Мағауин мен Ә.Әлімжанов туралы] / А. Жұмагелдіқызы // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. — 2017. — № 5. — 35 — 40 б.
Қабышұлы, Ғ. «Елім, жерім, халқым» деп..: [жазушы Ә. Әлімжанов жайлы] / Ғ. Қабышұлы // Жалын. — 2009. — № 7. — 56 — 62 б.
Қамзина, К. Азамттық аңсаған азамат: [жазушы Ә. Әлімжанов туралы] / К. Қамзина // Егемен Қазақстан. — 2010. — 12 мамыр. — 5 б.
Қуаныш, Б. Әнуар әлемі: [жазушы Ә. Әлімжанов туралы] / Б. Қуаныш // Ана тілі. — 2010. — 6 — 12 мамыр (№ 18). — 10 б.
Молдағалиев, Т. Әнуар ағамды мақтаныш етем: [жазушы Ә. Әлімжанов жайлы] / Т.
Молдағалиев // Қазақ. — 2010. — 5 — 12 ақпан. — 8 б.
Сұлтанов, Қ. Ұлттың ұлтжанды іздеушісі, тарихтың шырақшысы: [қазақ жазушысы
Ә. Әлімжановтың 80 жылдығы мен шығармашылығы жайында] / Қ. Сұлтанов // Қазақ. -2010. — 3 — 17 желтоқсан. — 6 б.
Уақбаев, Ш. Әнуар ешқашан кісілігіне көлеңке түсірген емес: [жазушы Ә. Әлімжанов туралы] / Ш. Уақбаев // Жас Алаш. — 2008.- 22 мамыр. — 3 б.
Хамзин, К. Әнуар туралы сөз: [жазушы Ә. Әлімжанов туралы] / К. Хамзин // Қазақ әдебиеті. — 2012. — 6 — 12 шілде (№ 28 — 29). — 6 б.
Құрастырушылар: И. А. Елеусизова
Р. К. Ахметова
Ж. М. Токатова
Электрондық мекенжай:
ibo.cbs@mail.ru
Біздің мекенжай: cbspvl.kz
Павлодар қ. С.Торайғыров көш., 44 / 1
«Павлодар қ. орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ақпараттық-библиографиялық бөлім
Тел.: 53-38-80