«Білімге шақырған ұлы ұстаз»

«Оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында кітапханада қазақтың ұлы ағартушысы, ұстаз әрі жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Білімге шақырған ұлы ұстаз» атты әдеби-танымдық сағат өтті. Іс-шараның басында жүргізушілер Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметі, балалық шағы, білім алған кезеңдері және ұстаздық жолы туралы кеңінен әңгімеледі.
Қатысушылар ұлы ағартушының қазақ балаларына арнап мектептер ашқанын, ұлдар мен қыздардың білім алуына ерекше көңіл бөлгенін, оқулықтар жазып, қазақ әдебиетінде балалар әдебиетінің қалыптасуына зор үлес қосқанын білді.
Сонымен қатар «Білімге шақырған Ыбырай» атты бейнеролик көрсетіліп, «Балаларға білім сыйлаған Ыбырай» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмеге ағартушының өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар, әдебиеттер мен танымдық материалдар қойылды.

 

Комментарии запрещены.