Бүгін кітапханамызда 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Білімге құштар жас ұрпақ» атты танымдық сағат өтті. Іс-шараның мақсаты: жас ұрпаққа білімнің адам өміріндегі маңызын түсіндіру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ізденімпаздыққа, білімге құштарлыққа тәрбиелеу. Танымдық сағат барысында қатысушыларға жаңа оқу жылының басталуы, білімнің адам өміріндегі орны туралы айтылып, кітап пен білімнің байланысы кеңінен насихатталды. Сонымен қатар балаларға қызықты сұрақтар қойылып, танымдық тапсырмалар мен ойындар ұйымдастырылды.
















