«Батыр ата – Қасым Қайсенов»

12 мамыр күні № 21 ЖОББМ 11 сынып оқушылары үшін партизан, халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың 105 жылдығына арналған «Батыр ата – Қасым Қайсенов» атты ерлік сабағы өтті. Шара барысында балаларға ҰОС туралы сұрақтар қойылып, Қ.Қайсеновтің өмірі мен шығармашылығы туралы бейнероликтер көрсетіліп, жазушының кітаптарына шолу жасалды. Оқушылар аты аңызға айналған батырдың жауынгерлік ерліктері, оның қалай жазушы болғаны туралы көп мағлұмат алды. Шара балалардың бойына отансүйгіштік сезімін оятты.

Комментарии запрещены.