Балалар күніне арналған мерекелік бағдарлама

1 маусымда №2 және №3 балалар кітапханаларының ұжымдары «Антошка» дүкенінің алдындағы алаңда Саяжай шағын ауданының балаларына Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара өткізді. Мақсаты: кітапхананың халықпен ынтымақтастығын кеңейту, балаларға мереке сыйлау.

Бағдарламада:

1. Дымбілмеспен кездесу. Ертегілер кейіпкерлерінің портреттерін көрсетумен әдеби кейіпкерлер туралы жұмбақтарды шешу.

2. Ойын бағдарламасы. Тапқырлыққа, интеллектуалдылыққа және ептілікке арналған ойындар өткізу.

3. Ойын-сауық бағдарламасы.

4. Конкурстық бағдарлама және буклеттер тарату.

Соңында өлең-сөзді мәнерлеп оқу конкурсы өткізілді. 80-нен аса адам қатысты.

Комментарии запрещены.