Байқау «Ұлы жердің перзенті»

№3 көпшілік кітапханасында ақын, композитор, журналист Жаяу Мұса Байжанұлының  шығармашылығына арналған «Ұлы жердің перзенті» атты байқауы өтті.    Мәдениет пен тарихқа бай Ертіс өңірінен шыққан белгілі ақын-жазушылар,композиторлар мен жыраулар Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы, Бұқар жырау, Иса Байзақұлы, Садуақас Шорманұлы, Естай Беркімбайұлы  және Жаяу Мұса Байжанұлы. Байқау Жаяу Мұса атындағы мәдениет үйінің сахнасында өтті.Байқауға Ленинский ауданының №31,32,33 жалпы орта мектептерінің оқушылары қатысты. Іс-шараға ақынның  ұрпақтары шақырылды.Олар:  Қазақстан Жазушылар Одағының Павлодар облыстық филиалының директоры,Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері,Алаш халықаралық сыйлығының лауреаты, Павлодар қаласының және Баянауыл ауданының  құрметті азаматы  Қани Арман Бақтанұлы және ауылдың құрметті зейнеткері Дурманов Темірхан Орханұлы да қатысты. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталып, жеңімпаздар сыйлық пен  дипломдарға ие болды.

Комментарии запрещены.